Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ғалымдар инстульттан оңалту уақытын екі есе қысқартатын шешім тапты

Опубликовано:

Новосибирск мемлекеттік техникалық университетінің ғалымдары инсульттан кейін науқастарды оңалту уақытын екі есе қысқартуға мүмкіндік беретін механикалық кешен жасап шығарды деп хабарлайды tass.ru-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Фото: pixabay
Фото: pixabay: Facebook

Ресей Федерациясы ғылым және жоғары білім министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдегендей, механикалық құрылғының бағасы шетелдік аналогтардан екі есе төмен.

"Новосибирск мемлекеттік техникалық университетінің ғалымдары инсульт алған науқастарды оңалту уақытын жарты жылдан бірнеше айға дейін қысқартуға мүмкіндік беретін механикалық кешен жасап шығарды. Бұл жүйе сондай-ақ түрлі жарақаттардан кейін қозғалыс қызметтерін қалпына келтіруге көмектесе алады. Болжам бойынша, құрылғының бағасы шамамен 2-3 миллион рубльді құрайды, бұл шетелдік аналогтардан екі есе арзан", – делінген министрліктің хабарламасында.

Жыл сайын жүздеген мың адам инсульттың салдарынан өз бетімен жүру қабілетінен айырылады. Тез арада қозғалу қабілетін қалпына келтіру үшін оңалту кешенінде белсенді жаттығу жасау қажет.

  • Ресей ғалымдарының жасап шығарған оңалту кешені – салмағы 200 келіні құрайтын, компьютермен басқарылатын механикалық құрылғы.

Оның басты міндеті – науқастың жүру қабілетін қалпына келтіруге көмектесу.

Ғалымдардың айтуынша, кешеннің сынақ жұмыстары Берд оңалту орталығы және "Движение" клиникасының дәрігерлерімен бірге жүргізілді. Сынақ нәтижелері науқастың инсульттан кейінгі оңалту уақытын екі есе қысқартуға болатынын көрсеткен. Сондай-ақ құрылғының түрлі жарақаттардан кейін адамның қозғалыс қызметтерін қалпына келтіруге мүмкіндік беретіні анықталды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1810524-galymdar-instulttan-oaltu-uakytyn-eki-ese-kyskartatyn-sesim-tapty/

pixel