jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Жұлдыз Кенжегалиева
Жұлдыз Кенжегалиева
Қазақ редакциясының басшысы

Айлап қалың ұйқыға кететін ерекше бойжеткен жайлы не білесіз

: UGC

АҚШ-тың Оңтүстік Каролина штатының тұрғыны үнемі ұйқысырап жүреді. Бойжеткен тіпті қалың ұйқыға кетіп, бірнеше апта мен айлар бойы оянбай жүре алады. Ал ұйқыдан тұрғаннан кейін не болып жатқанын білмей, дал болады деп хабарлайды bigpicture.ru сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Америкалық ару Аланна Вонг 10 жасында бөлелерімен бірге демалысқа кетіп, бар уақытын ұйқымен өткізген кезде денсаулығында ақаулар барын түсінген.

Ол үш тәулік бойы ұйықтай алатын болған. Ал біраз уақыттан соң ару 8 айға ұйқыға кетіп, қысты өткеріп тастағанын білген.

30 жастағы Аланна Клейн-Левин синдромымен ауырады. Бұл ауру ми бөлігінде өзгерістер пайда болғанда туындайды. Мұндай синдроммен өмір сүру адамға оңай соқпасы анық.

Бойжеткен бала күнінен дені сау әрі белсенді болып өсті. 13 жасында Аланна бірнеше тәулік бойы ұйықтауын қойғанын аңғарған. Алайда 15 жасқа келгенде ауруы қайта басталып, оның оқуына айтарлықтай әсер еткен.

Ол бар уақытын ұйқыда өткізгендіктен өзгелер секілді достарымен көңіл көтере алмаған.

Суық тию мен ішімдік ауруды өршітеді. Сол себепті Аланна арнайы дәрімендер ішіп, алкогольді ішмдіктер ішпейді.

Америкалық ару 10-14 күн арасында тәулігіне 18-22 сағат ұйықтайды. Тек дәретханаға шығып, тамақтану үшін ғана оянады екен.

Аланна ұзақ уақытқа ұйқыға кетер алдында ашуға булығып, өзін нашар сезінеді. Ол, тіпті, тісін жуып, аяқ киімінің бауын баулауға құлқысыз болып жүреді екен.

Айлап қалың ұйқыға кететін ерекше бойжеткен жайлы не білесіз

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.