Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Сүйіктісі соңғы тілегін орындаған азамат жеті сағаттан соң қайтыс болды

Жарияланған күні:

Англияның Нортгемптон қаласының тұрғындары Гэри Смарт пен Лаура жасөспірім кезінде танысқан. Бірнеше жылдан бері қыз-жігіт болып жүрген қос ғашық соңғы мезетте ғана отбасын құрып үлгерді деп хабарлайды life.ru сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Фото: Twitter/DailyMirror
Фото: Twitter/DailyMirror: UGC

Биылғы жылдың жазында 33 жастағы Гэри жұмыстан оралып, арқасы мен кеуде тұсының ауырып тұрғанын айтқан. Уақыт өте ол ұйықтай алмай, тез салмақ тастай бастады.

Жігіт ауруханаға барып, өкпесінде жиналған сұйықтықты алдыртып тастады. Кейіннен дәрігерлер ер азаматтан терминалды деңгейдегі обырды анықтағанын және аз өмірі қалғанын жасырмаған.

Сол кезде британдық жігіт өзінің соңғы қалауын айтыпты. Ол отбасылы болып өмірден өткісі келген.

"Гэриден емдеуге келмейтін қатерлі ісікті анықтаған кезде ол маған отбасылы болып кеткісі келетінін айтты.
Бізде көбірек уақыт болады деп ойлағанбыз. Бірақ олай болмады. Өткен жұмада бізге уақыттың тығыз екенін айтып, тойды ұйымдастыруға көмектесті", - дейді сүйіктісі.

Гэри ауырмай тұрған кезде ғашықтар тойларын келесі жылға жоспарлап отырыпты. Алайда тағдырдың жазуымен олар аурухана палатасында некесін қидыртуға мәжбүр болған.

Тойға 25 адам жиналыпты. Mirror басылымы бұл мерекенің ер адаммен қоштасуға мүмкіндік бергенін жазды.

Қос ғашық жүзік алмасып, бір-біріне серт бергеннен кейін 31 жастағы Лаура күйеуінің жанында ұйықтап қалыпты.

Оянғаннан кейін ол жұбайының дем алмай жатқанын сезген. Осылайша қалыңдық небәрі 7 сағат тұрмыста болған.

"Ол серт беріп, маған жүзік тағып, сүйіп үлгерді. Сол түні мен онымен бірге төсекте ұйықтап қалдым. Ол керемет жан еді. Оның әйелі болғаным үшін мақтанамын", - деді Лаура.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1824597-sjiktisini-sogy-tilegin-oryndagan-aru-7-sagattan-kejin-ony-zansyz-denesin-tapkan/