jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Жұлдыз Кенжегалиева
Жұлдыз Кенжегалиева
Қазақ редакциясының басшысы

Мұхиттың ортасында екі күнге қалып қойған ару пакет пен тәттінің көмегімен аман қалды

: UGC

Жаңа Зеландиядан шыққан саяхатшы ару мұхит ортасында екі күнге қалып қойып, полиэтилен пакеттері мен тәттілердің арқасында аман қалды деп хабарлайды Fox News-ке сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Фото: travel.rambler.ru
Фото: travel.rambler.ru: UGC

47 жастағы Кушила Штейн Мейк есімді британиялық танысына яхтаны Түркиядан Афинаға жеткізуге көмектесті. Жұма, 1 қараша күні әйел адам Фолегандрос аралына жақын жерде кемені байлап, оны шлюпкада зерттеуге аттанды.

Ару яхтаға қайтып оралғанда, бір ескек борттың сыртына құлап, қатты желден оны бағыттан ұшырып әкетті. Штейннің телефоны сөніп қалғандықтан ол құтқару үшін өзіне сену керек болды.

Ол қолдарын және дененің басқа бөліктерін түнгі уақытта тоңып қалмау үшін полиэтилен пакеттермен орап, теңізде жүзіп жүрген адамдардың назарын аудару үшін басына қызыл сөмке киіп алды. Сонымен қатар, жарқын түсті пакетті ескекке байлап, ұшақты көрген сайын оны бұлғап тұрған екен.

Сондай-ақ, саяхатшының тұщы су болмағандығынан, ол сөмкесінде қалып кеткен тәттілерді сорып, жеді.

Осы уақытқа дейін яхтада жүрген Майк Штейннің жоғалып кеткенін сенбі, 2 қараша күнге дейін бақамаған. Себебі оқиға алдында әйел оған хабарлама жіберіп, қайыққа оралып бара жатқанын жазған.

Британиялық жігіт арудың жоғалғанын түсінгенде жағалау күзетіне хабарлапты. Олар өз кезегінде оны іздеуге тікұшақ, бірнеше қайық жіберді. Екі күннен кейін әйел адам Фолегандрос аралынан оңтүстікке қарай 37 шақырым жерде табылған. Анасы қоңырау шалғанда ару оған: "ойлаңызшы, менде тағы бір кәмпит қалды" депті.
Мұхиттың ортасында екі күнге қалып қойған ару пакет пен тәттінің көмегімен аман қалды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.