RU

Ақтөбеде көмекке мұқтаж балаларды қолдауға арналған қайырымдылық акциясы өтті

"Ақбөбек" білім беру орталығында осымен сегізінші рет ұйымдастырылған шараға облыс әкімі арнайы қатысып бүлдіршіндерге ізгі тілегін жеткізді.

Ақтөбеде көмекке мұқтаж балаларды қолдауға арналған қайырымдылық акциясы өтті
Фото: Акимат Актюбинской области: Facebook
"Қайырымдылық – адам бойындағы ең ізгі қасиеттердің бірі. Оның ішінде өзінің белсенді азаматтық ұстанымымен, қайырымды істерімен және әрекеттерімен әлеуметтік және қоғамдық мәселелерді шешуге үлес қосып жүрген жандар әрдайым қолдауға лайық. «Ақбөбек» білім беру орталығының «Жылы шұлықтар» қайырымдылық акциясын өткізуді дәстүрге айналдырғаны – құптарлық іс. Орталықтың бастамасымен бастау алған акция аясында 10 миллион көлемінде қаржы жұмсалып, 1000-ға жуық балаға көмек көрсетілген. Өңірде отбасыларға қиын кезеңде қолдау көрсету мақсатында жыл сайын «Мектепке жол», «Қамқорлық» акциялары ұйымдастырылады. Биыл облыс бойынша көп балалы, аз қамтылған отбасылардың 35 мыңға жуық баласына мектеп формасы, оқу құралдары түрінде 301 миллион теңгеден астам көмек көрсетілді",-деп атап өтті Оңдасын Оразалин.

Оңдасын Оразалин сонымен қатар, сал ауруына шалдыққан тоғыз балаға, және әлеуметтік жағдайы төмен отбасыда тәрбиеленіп жатқан бір бүлдіршінге плазмалық теледидар сыйға тартты.

Аймақта 18 жасқа дейінгі 951 жетім және ата-ана қамқорлығынсыз қалған бала бар. Оның ішінде 700 баланың есепшоттары қайырымды жандардың көмегімен 215 млн. теңгеге толықтырылған.

Ақтөбеде көмекке мұқтаж балаларды қолдауға арналған қайырымдылық акциясы өтті
Фото: Акимат Актюбинской области: Facebook

Биыл ата-ананың қамқорлығынсыз қалған 75 балаға баспана берілді.

Облыс бойынша мұндай санатты балаларға арналған Хромтау, Темір, Қобда, Мәртөк отбасы үлгісіндегі балалар үйі, «Мейірім» жастарды әлеуметтік бейімдеу орталығы, «Аяла» өмірлік қиын жағдайдағы балаларды қолдау орталықтары жұмыс жасайды.

Ақтөбеде көмекке мұқтаж балаларды қолдауға арналған қайырымдылық акциясы өтті
Фото: Акимат Актюбинской области: Facebook

Қайырымдылық шара бүлдіршіндердің қойған концерттік бағдарламасымен жалғасты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1829074-aktbede-kmekke-mktaz-balalardy-koldauga-arnalgan-kajyrymdylyk-akciasy-tti/