jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Нұрила Ермекбай
Нұрила Ермекбай
Бұрынғы қызметкер

Антарктидада жылына 126 мың доллар жалақы төлейтін жұмыс орны ашылды

: Facebook

Австралияның антарктикалық бөлімі Антарктидадағы станцияда әртүрлі жұмысты атқаратын адамды іздеп жатыр деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Sputnik Беларуське сілтеме жасап.

Көрнекі фото: pixabay.com
Көрнекі фото: pixabay.com: Facebook

Жұмыс беруші үміткеріне қандай да бір талап қоймайды. Ол ешқандай арнайы немесе кәсіби дағдыларды қажет етпейтін әртүрлі жұмыстарды орындаса болғаны. Соның арқасында болашақ қызметкер жылына 126 мың доллар ақша таппақ.

Жалақыдан бөлек жұмысшыға 40 мың доллар көлемінде арнайы жәрдемақы беріледі. Сонымен бірге бөлім қызмкеткердің тұратын жері мен тамағын өз мойнына алады.

Үміткер іріктеудің екі кезеңінен өтуі керек. Адамның ұзақ және тұрақты ұжымда бола алатындығын анықтау үшін ептілік пен сұхбат сынақтарына қатысады.

Аталмыш вакансияға кез келген адам өтініш бере алады. Австралияның антарктикалық бөлімі құжаттарды 2020 жылдың 23 қаңтарына дейін қабылдайды.

Айта кетсек, неміс бизнесмені Карл Рейпен зәулім сарайында жалғызсырамау үшін өзімен бірге қымбат виллада өмір сүругісі келетін 10 адам іздестіріп жатқаны хабарланды.

Мультимиллионер бағасы 5,6 млн долларды құрайтын үй-жайында өзімен бірге тұратын жасы 70-тен жоғары емес 10 адам іздеп, хабарлама жазған. Оның жекежайында тіпті, шарап шығаратын шағын кәсіпорын мен атқора да бар екен.

Бизнесменнің хабарламасында көрсетілгендей, оның қонақтарына бір үйге екі адамнан жайғасуларына болады. Кешкі аста кездесіп, әңгіме-дүкен құрып, теңізді және аралдағы өзге де қызықтарды тамашалай алады.

Антарктидада жылына 126 мың доллар жалақы төлейтін жұмыс орны ашылды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.