Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тәуелсіздіктің құрдасы: Дәрігер қыз өзінің мамандығы туралы айтып берді

Опубликовано:

1991 жылы туған ұл мен қыздар өз елімен бірге өсіп, ер жетті. Осы жылы Тәуелсіздіктің 28 жылдығын тойлайтын республика сияқты, бұл адамдар өз мақсаттарына жетті. Тәуелсіздік құрдастары қандай? Олардың әрқайсысы бейбітшілік, бірлік және төзімділік жолын таңдаған Қазақстан сияқты өзінің белгіленген жолын таңдады. Біз тәуелсіздік құрдастарының бірімен кездестік, деп ішкі саясат басқармасы хабарлайды.

Тәуелсіздіктің талантты құрдастары
Фото: Акимат Акмолинской области: Facebook

Айғаным Байжанова Көкшетау қалалық емханасының хирургия бөлімінде-дәрігер хирург болып жұмыс істейді. Айғаным айтқандай, хирург мамандығы - бұл игілікті және жауапты мамандық. Көп уақытта хирургиялық араласу ең құнды - адам өмірін құтқара алады. Тәуелсіздік құрдасы Көкшетау қаласында дүниеге келген. 2012 жылы Көкшетау медициналық колледжін үздік бітірді. Сол жылы СММУ грантына түсті (Семей мемлекеттік медицина университеті). 2017 жылы Павлодар қаласында «Хирургия» мамандығы бойынша интернатураға түседі.

«Терең теориялық білім мен мықты қолдардан басқа тағы бір сапа - шынайы жанашырлық пен көмек көрсету ниеті қажет. Хирургтың негізгі міндеті - нақты диагноз қою, аурудың себептерін анықтау, тікелей ота жасау, және әрине, ағзаны толық қалпына келтіруге көмек көрсету. Сондықтан мен тек дәрігер ғана емес, өз ісінің жоғары кәсіби маманы болуға тырысамын, егер менің жұмысым мен көмегім адамдарға көмегін тигізсе, маған бұл жеткілікті!»,- дейді жас маман.

Жақында Айғаным Байжанова мобильді топтың құрамында қатерлі ісік аурулары бар науқастарға паллиативті көмек көрсететін онкологиялық хирург ретінде мүшесі болды. Бұл пилоттық жоба жақында Қазақстанда іске қосылды. Команда құрамына онколог, мейірбике, әлеуметтік қызметкер, психолог кіреді. Бір күнде команда орта есеппен 5-6 науқасқа қызмет көрсетеді. Пациенттердің тізімі апта сайын жаңартылып отырады. Паллиативті көмек науқастарға ауырсынуды басуға, психологиялық көмекке және онкологиялық науқас пен оның туыстарына қолдау көрсетуге негізделген.

Дәрігердің айтуынша, жұмыс - бұл хобби, бала кезімізден арман. Емханадағы жұмыстан басқа маман қалалық және облыстық ауруханаға хирургия бөліміне кезекшілікке барады. Айғанымның жоспарында пластикалық хурургия бойынша оқуға түсу бар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1833033-tuelsizdikti-krdasy-driger-kyz-zini-mamandygy-turaly-ajtyp-berdi/

pixel