jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Жұлдыз Кенжегалиева
Жұлдыз Кенжегалиева
Қазақ редакциясының басшысы

Ыстамбұлдық тұрғындар өздеріне ақша таратып жүрген "Робин Гудті" біле алмай әлек

: Facebook

Түркияның Ыстамбұл қаласында белгісіз біреу тұрмысы нашар аудандарды аралап, кедейлер мен балаларға ақша таратып жүр деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Иноtv-ға сілтеме жасап.

Көрнекі сурет: pixabay.com
Көрнекі сурет: pixabay.com: Facebook

Ыстамбұлда өз-өзін "Робин Гуд" деп атайтын мейірімді жан осымен төртінші рет тұрмысы нашар аудан тұрғындарына ақша таратып шықты.

"Мен есік алдында отырған кезімде екі адам жақындап, амандасты. "Сен осында тұрасың ба?" деп сұрады. "Иә" деп жауап берген едім, маған конверт ұстатты. Біреуі өзін "Робин Гуд" деп атады", – дейді басым бөлігі сығандар қоныстанған аудан тұрғыны Селчук Джошкун.

Hürriyet Daily News басылымының мәліметінше, жомарт адам алғаш рет наурыз айында Алтын мүйіз шығанағының солтүстік жағалауындағы Хаскёй орамының тұрғындарына 1 мың лирадан таратқан. Кейіннен тағы жағдайы нашар екі ауданда осылай істеген.

"Мен ол туралы теледидардан көріп, оның Барбадос-Енисахра ауданына барғанын қалап едім. Менің тілегім орындалды. Бауырым қоңырау шалып, біреудің ақша таратып жүргенін айтты", – дейді қала тұрғыны Октай Коркунч.

Куәгерлердің айтуынша, "Робин Гуд" әдетте он шақты адаммен келеді екен.

Енисахра ауданындағы азық-түлік дүкенінде жұмыс істейтін Хаким Бейтер бұл жердің кәсіпкерлерінің көбісі шығынға батып, қарызданып қалғандарын айтады.

"Бірақ, бір күні біреулер келіп, қарызға батқандарға ақша салынған конверттер таратты, кейіннен лашықтағы кедейлер мен көшедегі балаларға да ақша берді.
Олар 10-15 автокөлікпен келді. Көліктері ақшаға толы болды", – дейді ол.

Айта кетейік, Австралияда жаңа жыл қарсаңында тегін сыйлыққа таласқандар тапталып қалды.

Ыстамбұлдық тұрғындар өздеріне ақша таратып жүрген "Робин Гудті" біле алмай әлек

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.