Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тәжінен бас тартқан тақ мұрагері кімдер

Опубликовано:

Гарри ханзада мен Меган Маркл әлеуметтік желіде парақшасында корольдік өкілеттіктен бас тартып, екі елде өмір сүретіні туралы мәліметті растады. Қос ғашықтың бұл мәлімдемесі күллі елді дүр сілкіндірді. Осы орайда KAZ.NUR.KZ Массагет сайтына сілтеме жасай отырып титулынан бас тартқан король отбасы мүшелерін ұсынады.

фотоепт е мен
Фото: massaget.kz: UGC

2020 жыл. Гарри ханзада мен Меган Маркл

Еуропаның ең танымал серісі Гарри ханзада 2016 жылы америкалық актриса Меган Марклмен шаңырақ көтерді. Бұл Гарри үшін алғашқы неке болды. Ал Меган ханзаданы кезіктіргенге дейін тұрмыста болған. Сол себепті қос ғашықтың некелесуі корольдік отбасы үшін кереғар дүние еді. Алайда Гарри мен Меганның бас қосуы британ монархиясында алғаш орын алған жайт емес.

Таяудда Гарри мен Меган корольдік титулдан бас тартаныны және Англия мен АҚШ арасында өмір сүретінін хабарлады.

Тәжінен бас тартқан тақ мұрагері кімдер
Фото: vladtime.ru: UGC

1938 жыл Ұлыбритания. Тақ мұрагері Эдуард VIII

Тәжінен бас тартқан тақ мұрагері кімдер
Фото: Woman.ru сайтынан алынды: UGC

Елизавета II ханшайымның ағасы Эдуард VIII тақтың заңды мұрагері бола тұра өз өкілеттігінен бас тартты. Бұл – британ монархиясында орын алған тұңғыш жағдай еді. Оны өз тәжінен бас тартуға шынайы махаббат сезімі итермелеген. 1936 жылы Эдуардтың әкесі қайтыс болған кезде ол Уоллис Симпсон есімді арумен кездесіп жүргеніне 6 жыл болған.

Симпсон Эдуардқа дейін тұрмыста болған. Сол себепті ханзаданың алдында не таққа отыру не сүйіктісімен бірге болу туралы таңдау тұрды.

"Корольдік міндеттерді өзім сүйген әйелдің қолдауынсыз және көмегінсіз атқара алмаймын деп шештім", – деген еді Эдуард VIII.

2003 жыл - Нидерланды ханзадасы Фризо Оранско-Нассауский

Тәжінен бас тартқан тақ мұрагері кімдер
Фото: Getty Images: UGC

Нидерланды ханшайымы Беатрикстің ұлы отбасы үшін өз өкілеттігінен бас тартты.

Фризо ханзада консалтингпен (ақыл-кеңес беру) айналысты және ұзақ уақыт Лондонның ірі банкінің вице-президенті болды. Оның сүйіктісі Мейбл Виссе-Смитті бұрын жергілікті атақты қылмыскермен байланысы болған. Сол себепті ол корольдік отбасының мүшесі болуға лайықты емес деп саналды. Тақ мұрагері сүйіктісі үшін өз өкілеттігінен бас тартуға шешім қабылдады.

2006 жыл - Люксембург ханзадасы Луи

Тәжінен бас тартқан тақ мұрагері кімдер
Фото: Getty Images: UGC

Луи ханзада Косово мемлекетіне ресми сапармен барғанда өз махаббатын, яғни, Люксембург әскеріндегі жалғыз сержант әйел Тесси Антониді жолықтырды. Алайда Тесси қарапайым отбасында дүниеге келген. Сондықтан протокол бойынша қос ғашықтың некелесуі мүмкін емес еді. Луи көп ойланбастан өзінің корольдік міндеттерінен бас тартты.

2017 жыл - Жапония ханшайымы Мако

Тәжінен бас тартқан тақ мұрагері кімдер
Фото: © Rex: UGC

Жапония императорының немересі Мако ханшайым 2017 жылы өзімен бір топта оқыған жігітке тұрмысқа шықты. Олар Токиодағы Халықаралық христиан университетінде білім алды. Жоғарыда айтылған Луи ханзада отбасымен жақсы қарым-қатынаста қалса, Мако туғандарымен байланысын үзіп, император сарайынан кетуге мәжбүр болыпты.

Швеция, 2019 жыл. Швеция королі Карл XVI Густавтың немерелері

фотоепт е мен
Фото: massaget.kz сайтынан алынды: UGC

2019 жылдың қазанында Швеция король отбасымен келісе отырып, қазіргі король Карл XVI Густавтың бес немересін тақтан алып тастауға бел буды. Олай жасамаған жағдайда тақ үшін кезекке 10 адам тұратын еді.

Енді бұрынғы мұрагерлерге еркіндік берілді. Мәселен, олар кез келген жерде кез келген білімді ала алады. Сондай-ақ олар жеке кәсіп ашуға мүмкіндік алды.

Естеріңізге сала кетейік, Гарри ханзада мен Меган Марклдың алғаш рет ұлдарын көпшілікке көрсеткенін хабарлаған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1835805-tzinen-bas-tartkan-tak-mrageri-kimder/

pixel