Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

10 мың метр биіктіктен құлаған ұшақтан аман қалған бортсерік жайлы білесіз бе

Опубликовано:

1972 жылы 26 қаңтар күні Чехияның Српска-Каменице қаласында Копенгагеннен Загребке ұшып бара жатқан DC-9 югославиялық жолаушылар ұшағы 10160 метр биіктіктен құлады. Бортсерік Весна Вулович апаттан аман қалған жалғыз жан. Періштесі қаққан 22 жастағы бойжеткен таңғажайып оқиғасымен бөлісіп, әлем жұртшылығын таңғалдырған еді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Зожник басылымына сілтеме жасап.

10 мың метр биіктіктен құлаған ұшақтан аман шыққан бортсерік жайлы білесіз бе
Фото: bt.dk, fishki.net, imoci.ru: UGC

Күллі әлемді дүр сілкіндірген апат хорватиялық террористердің әуе кемесіне жарылғыш зат салуының салдарынан болған. Алайда ресми түрде қылмыстың себебі сол күйі анықталмады. Мұндай апаттардан аман қалу екі талай. Дегенмен 22 жастағы Весна оқыс оқиғадан құтқарылып, әлемді таңқалдырған еді.

10 мың метр биіктіктен құлаған ұшақтан аман шыққан бортсерік жайлы білесіз бе
Фото: bt.dk: UGC

Весна Вулович 10 мың метр биіктіктен құлап аман қалды. Ол ұшақтағы 28 жолаушысы мен экипаж мүшелерінің арасында тірі шыққан жалғыз жан болатын. Бойжеткен қар басқан ағаштардың ұшар басына құлап түскен. Десе де, бортсерік ару апаттан кейін бір айт өткен соң ғана есін жиды.

22 жастағы бортсерік Весна Вулович бұл рейспен ұшпауы керек еді. Алайда әуе компанияның қателігінен Весна Николичтің орнына Весна Вулович ұшты. Апат болған кезде ол әлі тіпті, оқуын аяқтамай, тек тәжірибеден өтіп жүрген еді.
10 мың метр биіктіктен құлаған ұшақтан аман шыққан бортсерік жайлы білесіз бе
Фото: fishki.net: UGC

Жарылыс болған сәтте Весна жолаушылар салонында қызмет көрсетіп жүріпті. Ол бірден есін жоғалтып, жарылыс сәтінде не істеп, ұшақтың қай бөлігінде болғанын білмеген екен.

10 мың метр биіктіктен құлаған ұшақтан аман шыққан бортсерік жайлы білесіз бе
Фото: liveinternet.ru: UGC

Ұшақ қар басқан ағаштарға құлаған себепті Весна аман қалған. Сондай-ақ, ұшақ түскен жерге ең алғаш болып жеткен жергілікті тұрғын бойжеткенді басқа денелердің ішінен алып шығып, оған алғашқы көмек көрсетіпті.

10 мың метр биіктіктен құлаған ұшақтан аман шыққан бортсерік жайлы білесіз бе
Фото: autogear.ru: UGC

Вуловичтің аман қалуы осы кісінің арқасы болуы мүмкін. Алайда дәрігерлер оның аман қалатынына сенбеген. Тіпті, Весна есін жиғанда да оған күмәнмен қараған. Дегенмен күн өткен сайын жас қыздың ағзасы жарақаттармен белсенді түрде күресе бастайды.

10 мың метр биіктіктен құлаған ұшақтан аман шыққан бортсерік жайлы білесіз бе
Фото: globalvoices.org: UGC

Апаттан екі ай өткен соң Вулович ұшақпен Прагадан өз отаны Белградқа жіберілді. Емделуге жалпы 16 ай уақыт кеткен. Оның ішінде 10 ай бойы бойжеткен денесінің төменгі бөлігін мүлде сезбеген.

Бұл жайт 1985 жылы болған ең жоғарғы биіктіктен парашютсіз секіру ретінде Гиннес рекордтар кітабына енген.

Весна Вулович  жазылып шыққан соң Yugoslav Airlines әуекомпаниясына бортсерік қызметіне қайта оралмақ болған. Алайда нәтижесінде компания оған кеңселік қызметті ұсынды.

Весна Вулович 2016 жылы Белградтағы үйінде 66 жасында қайтыс болды.

10 мың метр биіктіктен құлаған ұшақтан аман шыққан бортсерік жайлы білесіз бе
Фото: imoci.ru: UGC

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1836221-10-my-metr-biiktikten-klagan-saktan-aman-kalgan-bortserik-zajly-bilesiz-be/

pixel