Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ұшақ жарылғыш зат туралы хабардан кейін шұғыл түрде Перу әуежайына қонды

Опубликовано:

Бортында 118 жолаушысы бар ұшақ жарылғыш зат туралы хабарға байланысты Перудің Писко қаласының әуежайына күтпеген жерден қонды деп хабарлады елдің көлік министрлігі деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Известия басылымына сілтеме жасап.

Ұшақ жарылғыш зат туралы хабардан кейін шұғыл түрде Перу әуежайына қонды
Фото: explorebyyourself.com: UGC

24 қаңтар, жұма күні кешке (әуе компания - ред.) Лима-Джулиака бағыты бойынша 2121 рейсі бомба туралы хабарлама алды. Экипаж Писко әуежайына қонуға шешім қабылдады - деп хабарлайды РИА Новости.

Ұшақ жергілікті уақыт бойынша 15: 50-де сәтті қонды. Жолаушылар эвакуацияланды.

Оқиға болған жерде полиция тексеріп жатыр.

Жолаушыларды әрі қарай тасымалдау туралы ақпарат жоқ. Олардың Писко әуежайы аумағында орналасқандығы белгілі.

Еске сала кетсек, 27 желтоқсанда Алматыдан Нұр-Сұлтанға бағыт алған Bek Air әуе компаниясының рейсі апатқа ұшырады. Бірнеше сағат өткен соң қаза тапқандардың нақты саны мен есімдері белгілі болды.

Апатқа ұшыраған ұшақ экипажы мен диспетчердің сөйлескен жазбасы жарияланды.

Қайғылы жағдайға қатысты мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пікір білдіріп, қаза тапқандардың туыстары мен жақындарына көңіл айтты және зардап шеккендерге көмек көрсетілетінін мәлімдеді.

Роман Склярдың және бірнеше жауапты тұлғаның қатысуымен болған баспасөз брифингінде ұшақ апатының болжалды екі себебі айтылды.

Ал ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев қайғылы оқиғаға себеп болуы мүмкін үш нұсқаны атады.

Қасым-Жомарт Тоқаев 2019 жылдың 28 желтоқсанын жалпыұлттық аза тұту күні деп жариялады.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1837821-sak-zarylgys-zat-turaly-habardan-kejin-sgyl-trde-peru-uezajyna-kondy/

pixel