jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Жұлдыз Кенжегалиева
Жұлдыз Кенжегалиева
Қазақ редакциясының басшысы

"Бельгия аруы" атанған азиялық ұшқыш сұлулығымен көпті тәнті етті

: UGC

Анджелина Флор Пуа — "Бельгия аруы" байқауін жеңіп алған тұңғыш азиялық сұлу. Алайда қатысушы көпшілікке тек жеңімпаз ретінде ғана емес, модельдерге тән емес мамандығымен де есте қалады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Life.ru-ге сілтеме жасап.

"Бельгия аруы" атанған азиялық ұшқыш сұлулығымен көпті тәнті етті
Фото: instagram.com/angelineflorpua: UGC

24 жастағы Анджелина байқауларға 12 жасынан бастап қатыса бастағанын айтты. Алайда Филиппин елінен көшіп келген сылқым сол кездің өзінде ұшқыш болуды армандаған.

"Мен үнемі авиацияға қызығатынмын. Мен саяхаттап, барлығын бақылауда ұстағанды жақсы көремін. Біреу бір күні маған: "Жаныңа жақын мамандықты таңда, сол кезде ешқашан жұмыс істеуге міндетті болмайсың" деген еді", деді Анжелина Флор Пуа.

Алайда ұшқыш болу бойжеткенге оңайлықпен келмеген. Ол ұзақ уақыт бойы оқып, көп қаражат жұмсапты.

Флор Пуа жекеменшік ұшқыш лицензиясын алу үшін уақытын да ақшасын да сарп еткенін айта кетті.

"Ұшқыштар көп нәрсені білуі керек. Оқу кезінде мен өзімді ұшқыш емес, инженер не ауа райын өзгерте алатын сиқыршы секілді сезіндім. Сондықтан, осы мамандықты таңдағыңыз келсе, сабырлы болып, зейініңізді салып оқуыңыз қажет", — дейді Анжелина Флор Пуа.

Десе де Анжелика арманына жетті. Ол, тіпті, жекеменшік компанияға жұмысқа тұрды.

Божйтекен сұлулық байқауларын да ысырып тастамаған.

Флор Пуа "Филиппины аруы– Европа – 2016", "Антверпен аруы – 2018" және "Бельгия аруы – 2018" титулдарын жеңіп алды.

Естеріңізге сала кетейік, аяғын көтеріп, суретке түскен Гүлназ Жоланованы ел сынап тастады.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

"Бельгия аруы" атанған азиялық ұшқыш сұлулығымен көпті тәнті етті

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.