Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

АҚШ-та екі бойжеткен бір жігітке тұрмысқа шығып, елді таңғалдырды

Жарияланған күні:

АҚШ-тың Калифорния штатында екі бойжеткен мен бір жігіттің неке қию рәсімі өтті. Мұндай үйлену тойы тіпті, ғашықтардың туыстарын таңғалдырған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ bigpicture.ru сайтына сілтеме жасап.

Америкада екі ару бір жігітке тұрмысқа шықты
Фото: bigpicture.ru: UGC

35 жастағы Ванесса мен Джимми мектеп күнінен таныс еді. Қос ғашық ұзақ уақыт бойы кездесіп жүрген, алайда кейіннен ару өзінің бисексуал екенін мойындапты.

Америкада екі ару бір жігітке тұрмысқа шықты
Фото: bigpicture.ru: UGC

Джимми сүйіктісінің өзге қыздармен қарым-қатынас құруына қарсы болмаған.

Сөйтіп, біраз уақыт өткеннен кейін Ванесса болашақ күйеуін 25 жастағы сүйіктісі Саммермен таныстырды.

Джимми ғашығының таңдауын құрметтеп, Саммерге олармен бірге тұруға ұсыныс тастайды. Бойжеткен өз кезегінде келісімін беріп, қос ғашықтың шаңырағында өмір сүре бастайды.

Америкада екі ару бір жігітке тұрмысқа шықты
Фото: bigpicture.ru: UGC

Олар уақытын қызықты өткізді, дегенмен көп ұзамай арулар тұрмысқа шыққылары келетінін айтқан.

Америкада екі ару бір жігітке тұрмысқа шықты
Фото: bigpicture.ru: UGC

Осылайша, өткен жылдың көктемінде Джимми екі сүйіктісіне сөз салып, оларға жүрегі мен қолын ұсынды. Тойға ғашықтардың достары мен туыстары келді, алайда Джиммидің ата-анасы ұлының таңдауын құптамай, іс-шараны, тіпті, елемей қойған.

Америкада екі ару бір жігітке тұрмысқа шықты
Фото: bigpicture.ru: UGC

Ал қалыңдық Саммердің ата-анасы тойға қуана-қуана келді. Олар, сонымен қатар, қыздарының бақытты екенін көріп, өздері де полиаморлы некеге тұрғысы келетінін айт.

Америкада екі ару бір жігітке тұрмысқа шықты
Фото: bigpicture.ru: UGC

Әрине, заңды түрде бұл неке тиісті түрде ресімделмеген, себебі Калифорнияда көп әйел алуға рұқсат етілмеген. Десе де, ғашықтар оған мән бермей, өздерін үлкен әрі берік отбасы деп есептейді.

Америкада екі ару бір жігітке тұрмысқа шықты
Фото: bigpicture.ru: UGC

Екі ару да жігіт те болашақта туыстарының олардың некесін қабылдап, оларды түсінеді деген сенімде.

Америкада екі ару бір жігітке тұрмысқа шықты
Фото: bigpicture.ru: UGC

Естеріңізге сала кетейік, ересектерге арналған фильмдерге түскен 14 баланың анасы өткен өмірі жайлы баяндап берген.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1840560-aks-ta-eki-bojzetken-bir-zigitke-trmyska-sygyp-eldi-tagaldyrdy/