Әлемдегі ең кішкентай әйел: Бойы 63 см үндістандық ару туралы не білесіз
Жарияланған күні:
Джоти Амджи - әлемдегі ең кішкентай әйел. Осыған қарамастан ол кәдімгі қыз-келіншектер секілді толыққанды өмір сүреді. Тіпті оны шын сүйетін күйеуі де бар деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Джоти 1993 жылы Үндістанның Нагпур қаласында өмірге келген. Ол гиннестің рекордтар кітабына Жер бетіндегі ең кішкентай әйел ретінде тіркелген.
Амджидің бойы 20 жасынан бастап мүлдем өспей қалыпты. Бүгінде 26 жастағы арудың бойы небәрі 63 сантиметр ғана.
Ол осы ерекшелігіне қарамастан көпшілік алдына шығуға қысылмайды. Тіпті оның өзін сүйетін күйеуі де бар. Екеуі бірнеше жылдан бері тату-тәтті өмір сүріп келеді.
Джоти үнемі жақсы көңіл күймен жүретіндіктен оны қабағы салыңқы күйде көру мүмкін емес.
Осынау ауыр жолда оған жолдасы тірек болып, сүйікті әйелін қай кезде де қолдап, жарының бір сәтке де мұңаюына жол бермейді.
Амджи "Body Shock: Two Foot High Teen" документалды лентасынада бой көрсеткен. Үндістанның "Bigg Boss 6" реалити шоуына қатысқан.
2014 жылы "Американская история ужасов" телехикаясының 4 маусымында Ма Петит рөліне түскен.
Еске сала кетсек, бұған дейін кино саласына ерен еңбегі сіңсе де, әліге дейін "Оскар" жүлдесін алмаған актерлардың тізімін жасаған едік.
Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1840662-lemdegi-e-kiskentaj-jel-bojy-63-sm-ndistandyk-aru-turaly-ne-bilesiz/