Сүйіктілерімен мектеп күнінен бері таныс жұлдыздар кімдер
Жарияланған күні:
Егер сіз әлемге әйгілі жұлдыздар мен саясаткерлер сүйіктілерін апта сайын өзгертуге бейім деп ойласаңыз - қателескеніңіз. Олардың арасында мектеп күнінен екінші жартыларымен арасы ажырамаған шын махаббат иелері бар деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ bigpicture.ru сайтына сілтеме жасап.
Snoop Dogg және Шанте Тейлор
Кэлвин Кордозар Броадус Джуниор әлі Snoop Dogg атымен аса танымал болмай тұрғанда мектептегі құрбысы Шанте Тейлорге 1997 жылы үйленген. Ал 2020 жыл ерлі-зайыптылар отасқандарына 23 жыл толғанын атап өтпек.
1994 жылы олардың тұңғыш ұлдары Корде дүниеге келеді, ал 1996 жылы MTV арнасының марапаттау рәсімінде Снуп тұтқындалды. Ол қылмыскер Филип Вольдемариумның өліміне күдікті деп танылды. Себебі жұлдыздың оққағары Мак-Кинли оған оқ атқан.
1996 жылдың ақпанында рэперден айыптаулар алынды. Бір жылдан кейін Снуп пен Шанте үйленіп, ұлдарымен бірге Калифорнияда тұрақтайды. Алайда 2004 жылы ажырасып, төрт жылдан кейін қайта қосылады.
Марк Цукерберг пен Присцилла Чан
Присцилла — филантроп және педиатр, миллиардер Марк Цукербергтің жұбайы. Олар 2003 жылы Гарвард университетінің жатақханасында, дәретханаға кезекте тұрған кезде танысқан. Ол кезде қос ғашықтың жасы 18-де еді. Ал 2007 жылы ол биология бойынша бакалавр дәрежесінде жоғарғы білім алды.
Присцилла Марктің тартымды студенттердің тізімін жасаған сайты үшін оқудан шығарылатынына сенімді болыпты. Марк та оған: "Мені бүгін-ертең оқудан шығарады. Сол үшін дереу кездесуге барайық" депті.
Қазіргі таңда ерлі-зайыптылардың екі баласы бар. Марк Присцилланы өміріндегі ең маңызды адам деп санайды.
Стивен мен Табита Кинг
"Қорқыныштардың патшасы" мен Табитаның бас қосқанына 49 жыл болған. Олар Табита колледжде оқып жүрген кезде, көкке шығу кезінде танысыпты.
Табита Спрус поэтикалық семинар кезінде Стивенге ғашық болыпты. Ал екі жылдан кейін олар отбасын құрады.
Табита оқуын тәмамдап, Dunkin Donuts тәттілер дүкеніне жұмысқа тұрады, сол жылдары олардың тұңғыш балалары өмірге келеді. Стивен ол уақытта кір жуатын орында жұмыс істеп, кейіннен сабақ бере бастады. Алайда ол әрдайым кітап жазып жүретін.
1972 жылы ерлі-зайыптылардың екінші ұлы дүниеге келді. Ол кезде Кинг бірнеше оқиғаларын жарыққа шығарып үлгерген еді. Табита күйеуін барынша қолдады. Ол, тіпті, жазушының қоқыста жатқан туындысын алып шыққан. Әйелдің бұл әрекеті жазушының танымал болуына себепші болады. Себебі дәл осы туынды бестселлерге айналды.
Джон Бон Джови мен Доротея Херли
Америкалық әнші Джон Бон Джови сүйіктісі Доротея Херлиге 1989 жылы, яғни, 31 жасында үйленген. Олар мектепте танысыпты, алайда ол кезде Доротея Бон Джовидің жан досы Боббимен кездесіп жүріпті.
Дегенмен тағдырлары тоғысып, қос ғашық Лас-Вегаста үйленеді. Қазіргі таңда ерлі-зайыптылардың төрт баласы бар.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін сүйіктілері үшін тәжден бас тартқан тақ мұрагері жайлы жазған едік.
Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1841057-sjiktilerimen-mektep-kninen-beri-tanys-zldyzdar-kimder/