Дүкен сөрелерінен жоғалып кеткен 90-жылдардың танымал өнімдері қандай
Жарияланған күні:
Қазіргі таңда дүкендегі сөрелер түрлі өнімдерге толы. Кез келген азық-түлік дүкенінен сіз қалаған затыңызды ала аласыз. Алайда кезінде танымалдыққа ие болған тауарларды бүгіндетабу қиынға соғады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
90-жылдары танымал әрі сұранысқа ие болған, алайда бүгінде дүкен сөрелерінен байқалмайтын өнімдердірдің бірі - Turbo сағызы.
Турбо сағызын түрік Kent компаниясы шығарған. Сағыздың бір ерекшелігі - ішінде көбінесе автомобильдер немесе мотоциклдер бейнеленген фотосуреттері бар жапсырмалар болатын.
Yupi ұнтағы
Өз кезінде аталған сусын көптеген танымал газдалған сусындарды басып озды. 15 грамдық ұнтақ 1,5 литр суға ерітіліп дайындалады. Ұнтақтың 15 түрі бар.
Эскимо балмұздағы
Таяқшадағы балмұздақ АҚШ-та 1920 жылы 25 мың дана болып шыққан.
Үшбұрышты қаптағы сүт
КСРО кезінде үшбұрышты қаптағы сүтті өнімдер кең танымалдыққа ие болды. Өнімді шығарушылар үшбұрышты қап сүттің ұзағырақ сақталуы үшін арнайы жасалғанын айтады.
"Ирис" тәттісі
Алғашқы ирис кәмпиті 1902 жылы Санкт-Петербургте шыққан. Бүгінгі таңда тәттінің дүкенде көптеген түрі болса да, аталмыш түрін кездестірі қоюыңыз екіталай.
"Виспа" шоколады
Wispa шоолады 1981 жылы Ұлыбританияда шыққан, алайда тек өз елінде ғана емес, күллі әлемге тарап, кез келген баланың сүйікті тәттісіне айналды.
Рама майы
Рама кезіндегі ең танымал маргариндердің бірі болды. Ол тіпті, көптеген қазақстандықтардың таңғы аста қолданатын сүйікті майына айналды.
Естеріңізге сала кетейік, сүйіктілерімен мектеп кезінен бері таныс жұлдыздар тізімін ұсынған едік.
Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1841498-dken-srelerinen-zogalyp-ketken-90-zyldardy-tanymal-nimderi-kandaj/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.