jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Нұрила Ермекбай
Нұрила Ермекбай
Бұрынғы қызметкер

Түркіменстанда президенттің келуін күткен ақсақалдар бір апта бойы дайындалған

: Facebook

Түркіменстан президенті Гурбангулы Бердімұхамедовтың жаңа мешітті ашу рәсіміне келуін күткен қариялар сағаттап репетиция жасаған деп хабарлайды

KAZ.NUR.KZ

"Хроники Туркменистана" басылымына сілтеме жасап.

старики
Фото: hronikatm.com: Facebook

Түркіменстан басшысы 21 қаңтарда Туркменабат қаласындағы Лепабский уалаятына жаңа мешітті ашу үшін барған. Алайда қала билігі салтанатты іс-шараға 14 ақпаннан бастап дайындалыпты. Дәл сол уақытта көшелер қалыпқа келтіріліп, басты даңғылдарда орналасқан ғимараттар жөнделе бастаған.

Ал ашылу салтанатының дайындығы Туркменабадтағы ескі мешітте өткен. Қариялар сағаттап дайындалып, кімнің қай орында тұратынын, өздерін қалай ұстау керектігін жаттаған.

Басылымның жазуынша, Бердімұхамедовтың келерінен бір күн бұрын, 20 ақпанда, сағат 17-де ақсақалдарды жаңа мешітке әкеліп, салтанатты бағдарламаны пысықтаған. Дайындық 23 сағатқа созылыпты. Осы уақыт аралығында адамдарға су ішуге де, тамақ жеуге де тыйым салынған.
Жоспар бойынша уалаят мешітінің имамы мен аудандық мешіттердің имамдары, сондай-ақ қатаң іріктеуден өткен қариялар президентті жеке қарсы алуы керек болған. Ал бір апта бойы дайындық жасаған ауыл ақсақалдары артқы қатарда көпшілік көрініс ретінде тұрулары тиіс болыпты.

Бағдарлама өткізіліп жатқөан сәтте диабеті бар қарт кісі шыдай алмай, құлап қалыпты. Оны полиция қызметкерлері көтеріп әкетіп, орнына қосалқы құрамдағы қарияны қойған.

Қаншама дайындық болғанына қарамастан, президентті қарсы алуға тек бірнеше ақсақал жіберіліпті. Қалғандарына ғимараттың екінші қабатында қалу туралы бұйрық келген. Қариялар садақаның телетүсірілімі кезінде ғана төменге түскен.

Еске сала кетсек, Түркіменстанда мұғалімдерге тек жасыл түсті қаламсап ұстауға бұйрық берілгені хабарланған еді.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Түркіменстанда президенттің келуін күткен ақсақалдар бір апта бойы дайындалған

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.