Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бір көзі көк, бір көзі қоңыр: 11 жастағы шешенстандық қыз елді ерекше сұлулығымен таңғалдыруда

Опубликовано:

Шешенстанның Курчалой қаласынан шыққан 11 жастағы Амина Епендиева өзінің сырт келбетінің арқасында тек отанында ғана емес күллі әлемге де танылып үлгерді. Жасөспірімнің суретін көрген жұрт оның фотошоп емес екеніне шүбә келтіруде деп жазады KAZ.NUR.KZ Life.ru-ге сілтеме жасап.

Шешенстанда ерекше сымбатымен танылған 11 жастағы қыз көпті таңдай қақтырды
Фото: instagram.com/aminaarsakova: UGC

11 жасар Аминаның суретін фотограф Амина Арсакова өзінің Instagram парақшасына жариялаған. Оның туындысы желі қолданушылар арсында нағыз сенсацияға айналды.

Oddity Central басылымының мәліметінше, фотографтың суреттері орта есеппен 1500 лүпіл жинайды, ал Амина бейнеленген сурет 10 мыңнан аса адамға ұнаған.

Көпшілік суреттің бірнеше рет өңделгенін айтып, фотограф аруды айыптаған, алайда Аминаны танитын адамдар оның шынайы өмірде келбеті дәл суреттегідей екенін, тіпті, одан да сұлу екенін алға тартқан.

Желі қолданушылары жасөспірімнің өз парақшасының жоқ екенін естіп, біраз құлазыған.

Айта кетейік, альбинос модельдер әлемде жиі кездесе бермейді. Алайда Амина олардан біршама ерекшеленеді. Себебі оның қарашығының түсі әртүрлі. Яғни Аминаның бір көзі көк, екіншісі ашық қоңыр түсті. Бұл меланиннің жетіспеушілігінен немесе шектен тыс болуынан орын алатын құбылыс.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін сырт келбеті ерекше балалардың жұртты таңдандырғанын туралы жазған едік.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Instagram парақшамыздан оқыңыздар>>

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1855407-sesenstanda-erekse-symbatymen-tanylgan-11-zastagy-kyz-kpti-tadaj-kaktyrdy/

pixel