Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

90 жастағы геймер әжей Гиннесстің рекордтар кітабына енді (фото, видео)

Опубликовано:

Жапония тұрғыны Хамако Мори түрлі ойындар ойнап, Гиннесс рекордтар кітабына енді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы GameTech.ru сайтына сілтеме жасап.

90 жастағы геймер әжей Гиннесс рекордтар кітабына енді
Фото: gametech.ru: UGC

Хамако Мори 1930 жылдың 18 ақпанында дүниеге келген.

90 жастағы әжей PlayStation 4-тегі жаңа ойындарды ынтамен ойнайды. Ойын ойнауда 38 жылдан аса тәжірибесі бар геймер әжей Жапонияда тұрады.

Ойын барысын YouTube арқылы таратады әрі өз көрермендерінің ұсыныстарын тыңдап, санасады. Әжейдің арнасында 184 мың жазылушысы бар.

Хамако Мориді Гиннесс рекордтар кітабының авторлары ойын барысын YouTube арқылы тарататын ең қарт адам деп таныды. Әжейдің ойынға деген құштарлығын көрсететін арнайы видео түсірілген.

Еске сала кетсек, өткен жылы Гиннесс рекордтар кітабына Хидео Кодзима есімді геймдизайнер енген болатын.

Айта кету керек, бұған дейін 112 жастағы жапондық қария Читецу Ватанабе әлемнің ең қарт тұрғыны ретінде Гиннесс рекордтар кітабынан арнайы сертификат алған хабарлаған едік.

Бір ғасырдан астам уақыт өмір сүрген қария 1907 жылы 5 наурызда шаруа отбасында дүниеге келген. Ол 20 жасында Тайваньға көшіп кетіп, 18 жылдан соң отанына қайта оралған.

Жапониялық қартқа дейін әлемдегі ең ұзақ өмір сүрген адам Хоккайдо аралының тұрғыны Масадзо Нонака болған.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Instagram парақшамыздан оқыңыздар>>

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1855532-90-zastagy-gejmer-zej-ginness-rekordtar-kitabyna-endi-foto-video/

pixel