Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Үйленгеннен кейін ғана ер адамды жар етіп алғанын білген азамат полицияға арызданды

Опубликовано:

Индонезияның Ломбоком қаласының 31 жастағы тұрғыны үйленгеннен кейін ғана "әйелінің" шын мәнінде ер адам болып шыққанын білген. Ашуға булыққан азамат бірден полицияға арызданған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Life.ru-ға сілтеме жасап.

Неке түнінен кейін жас жігітті жар етіп алғанын білген ер адам полицияға арызданды
Фото: Instagram/instalombok: UGC

31 жастағы Мух Мита есімді "бойжеткенмен" әлеуметтік желіде танысқан. Олар бірнеше айға жуық сөйлесіп жүріпті.

Ер адам арманындағы аруын жолықтырғанына сенімді еді. Осылайша, ол бірде-бір рет көріспестен суреттегі сұлуға тұрмысқа шығу туралы ұсыныс жасаған. Ал ол өз кезегінде келісімін берген.

Сөйтіп, неке қию рәсімі 2 маусым күні өтеді. Қалыңдық салтанатты жиынға денесінің барлық жерін жауып тұратын неке көйлегін киіп келіпті. Күйеу жігіт аруды ренжітіп алмас үшін одан бетіндегі жамылғына шешуін сұрамапты.

Рәсімнен кейін сүйіктісін үйіне алып кеткен Мух неке түнін асыға күтеді. Алайда Мита оның бетін қайтарып жіберген.

Ер адам қалыңдық оған әлі дайын емес екен деп ойлап, жағдайға көз жұма қарайды. Десе де, келесі күні неке түні жайлы қайта әңгіме қозғаған. Мита өз кезегінде ажырасуды өтініп, кетіп қалды.

Қайғыға құса болған ер азамат әйелінің үйіне барып, одан кешірім сұрамақ болыпты. Алайда мекенжай бойынша келген кезде, үйдің Мита емес Мит есімді ер адамның атында екенін білген.

Кейінірек анықталғандай, Мух расымен де ер азаматты өзіне жар етіп алған.

Kompas басылымының мәліметінше, осыдан кейін ол полицияға арыз берген.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Индонезияда 65 жастағы әжейдің 24 жастағы жігітке тұрмысқа шыққанын хабарлаған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1860072-jlengennen-kejin-gana-er-adamdy-zar-etip-alganyn-bilgen-azamat-policiaga-aryzdandy/

pixel