Әлемнің ғажайыптарын кофенің бос стақандарына суреттейтін саяхатшы жайлы не білеміз
Опубликовано:
Әуесқой суретші және түркиялық саяхатшы Берк Армаган кофеге арналған бос ыдысқа сурет салу өнерімен танымал. Әдетте ол қандай ғимараттың не болмасы табиғаттың көрінісін бейнелейтінін сапар алдында ойланып алады. Берк кейде қаланың ерекше тыныс-тіршілігінен шабыт алып, аяқ астынан жаңа идеялар туындап жататын айтады деп жазады KAZ.NUR.KZ порталы BIG Picture-ге сілтеме жасап.

Берк Армаган австоп арқылы саяхат жасайды және жиі палаткалық лагерьлерде түнейді, сондықтан қиын жағдайда, шектеулі уақыт ішінде жұмыс істеуге тура келеді.
Бірақ суретшінің өзі мұны тәжірибе жинау деп санайды.
Берк саяхатқа ақша табу үшін өз туындыларын сатады. Сонымен қатар, ол Түркиядағы қаңғыбас мысықтар мен иттерге тамақ, баспана беру сияқты әлеуметтік жауапкершілік жобаларына өз үлесін қосады.
Назарларыңызға Берктің туындыларын ұсынамыз:
Эйфель мұнарасы, Париж

Кельн шіркеуі, Кельн

Амстердам, Нидерланды

Пиза мұнарасы, Пиза

Хундертвассердің үйі, Вена

"Сабан қалпақтағы автопортрет", Винсент Ван Гог

Колизей, Рим

Леннонның портреті, Прага

"Мона Лиза", Лувр, Париж

Kunsthofpassage бейнелеу орталығы, Дрезден

Белфорт, Брюгге

Автопортрет

"Айқай", Эдвард Мунк

Венеция

Стокгольм, Швеция

Бранденбург қақпасы, Берлин

Кристиансборг, Копенгаген

Билеп тұрған үй, Прага

Берген, Норвегия

Словак ұлттық көтеріліс көпірі, Братислава

Польша

Вавель қамалы, Краков

Еске салсақ, бұған дейін заттарды техникалық тұрғыдан жарамсыз етіп немесе қолдануға болмайтындай етіп бейнелейтін италиялық суретші туралы жазған едік.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1860848-lemni-gazajyptaryn-kofeni-bos-stakandaryna-surettejtin-saahatsy-zajly-ne-bilemiz/