jitsu gif

10 жыл бұрын бір суретпен әлемге танылған баланың бүгінгі жағдайы қандай

: UGC

Он жыл бұрын үлкен танымалдыққа ие болған екі жасар баланың суретін бүгінгі таңда білмейтін адам кем де кем. KAZ.NUR.KZ 14 жасқа келген жасөспірімнің өмірі қалай өзгергенін ұсынуды жөн көрді.

10 жыл бұрын бір суретпен танылған бүлдіршіннің бүгінгі жағдайы қандай
Фото: Видеодан кадр: UGC

Life.ru-дің ақпаратынша, Сэмнің ата-анасы BuzzFeed басылымына сұқбат берді. Олардың сөзінше, алғашқы кездері олар кез келген адамның ұлдарын танып тұрғанына ыңғайсызданғанын айтты. Бірақ содан кейін олар бұл өте жақсы белгі екенін түсінді.

Жігіт уақытынан бұрын дүниеге келді және алғашқы алты айда өмірі үшін күрескен, сондықтан оны сәттіліктің нышаны деп санауға болады. Сэм, өзінің кішкентай кезінде, әйгілі болудың барлық жақсы жақтары мен кемшіліктерін түсінді.

Гринер отбасы Сэмның танымалдығынан пайда көргендерін жасырмады. Бірнеше жыл бұрын, жігіттің әкесі бауыр трансплантациясына мұқтаж болған кезде, олар бір апта ішінде ота жасау үшін қажетті қаражат жинады. Бұл үшін олар жай ғана қайырымдылық қызметтеріне сұраныс жіберді. Операция сәтті өтті.

Қазір Сэм әкесінің жолын қуып, бейнелеу өнерімен айналысуда.

"Әзірге мен өзімнің мақсатымды анықтай алмадым. Десе де, болашақта өзіме ұнайтын, өзгелерді шабыттандыратын іспен айналысамын деп үміттенемін", - дейді ол.

Суреттің өзі 2007 жылы Сэм небәрі 11 айлық болған кезде түсірілген. Фотосурет желіге жарияланғаннан кейін бірден көпшіліктің назарын аударған жоқ.

Тек екі жылдан кейін оқырмандардың бірі суреттегі баланың басқа балақай жасаған құм қамалды қиратып, соны жұдырық көрсетіп тойлап жатыр деп ойлап, желіге тарата бастапты.

Осыдан кейін баланың суретін жетістікке жеткенін түсіндіргісі келгендердің барлығы жаппай қолдана бастады.

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.