122 жастағы ең қарт әйел ұзақ өмір сүрудің сырымен бөлісті
Жарияланған күні:
Филиппиннің Кабанкалан қаласының 122 жастағы тұрғыны ұзақ өмір сүрудің құпиясымен бөлісті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Хабар 24-ке сілтеме жасап.
Франциска Сусано 1897 жылдың 11 қыркүйегінде дүниеге келген. Өмір бойы фермада жұмыс істеген кейуананың 14 баласы бар.
Сусано ұзақ өмір сүрудің басты сыры табиғи таза өнімдерді тұтынуда деген ойда. Өзі баклажан, кәді, сәбізбен қатар балды ерекше жақсы көретінін айтады.
Бүгінде жергілікті билік Сусаноның құжаттарын тексеріп жатыр.
Егер оның шынымен де 1897 жылдың тумасы екендігі расталса, ол әлемдегі ең қарт әйел ретінде Гиннестің рекордтар кітабына енеді.
117 жастағы жапониялық Канэ Танака әлемдегі ең қарт әйел деп танылған.
Зерттеу бойынша, елдегі орташа өмір сүру ұзақтығы 73,23 жасты құрайды. Ұзақ өмір сүретін елдердің тізімімен танысқыңыз келсе, мына сілтемені басыңыз.
Естеріңізге сала кетейік, әлемдегі ең қарт ер адам 147 жасында қайтыс болғанын хабарлаған болатынбыз.
Гото 12 сәуірде денсаулығының сыр беруіне байланысты жедел ауруханаға жеткізілген.
Алайда 6 күн өткен соң ол дәрігерлерден өзін дереу үйге жіберуін талап еткен. Немересінің айтуынша, атасы үйге келген 1-2 күн ішінде ботқа жеген.
Одан кейінгі күндері тіпті тамақ пен судан да бас тартыпты.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1865361-122-zastagy-e-kart-jel-zak-mir-srudi-syrymen-blisti/