Өзінің жасынан әлдеқайда жас көрінетін азаматша желі қолданушыларын таңғалдырды (фото)
Жарияланған күні:
Ұлыбританиядағы Манчестер қаласының тұрғыны Сакина Джабин TikTok-та қолданушылардан оның қанша жаста екенін болжауды сұрап, видео жариялады. Ол расымен жасының қаншада екенін айтқанда, желідегілердің көбі бұған сене алмаған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы РИА Новости-ге сілтеме жасап.
Басылымның мәліметіне сәйкес, Сакина адамдардың көбі түр-келбетіне қарап, 20-дан асқан қыз деп ойлайтынын айтқан, ал түнгі клубқа кіреберісте немесе барларда одан үнемі жеке куәлігін көрсетуді сұрайды екен.
Ал Сакина Джабиннің жасы - 35-те. Бұны естігенде TikTok қолданушылары қатты таңырқап қалған.
"Сіз әрі кетсе, 19 жастағы қыздайсыз", "Сен мені таңғалдырдың", "Құдайым-ау! Мен бұған сене алар емеспін", "Мұнша жасқа келген адамға ұқсамайсың. Мұның сыры неде?", - деп жазды олар.
Сакинаның сырт келбетіне сын айтқандар да табылған. Олардың ойынша, оның жасын жасырып, ажарына әр беріп тұрған – беттегі бояу.
Дегенмен мұны жоққа шығару мақсатында, Сакина макияжын сүртіп жатқан тағы бір видеосын жариялады.
Көпшіліктің пікірінше, Сакина арнайы құралдарсыз өзінің жас әрі табиғи екенін дәлелдей алған. Кейбіреулер тіпті британдық әйелді "Остин мен Элли" атты оқиғалық комедиясында ойнаған америкалық актриса Лора Мараноға (24 жаста) ұқсатты.
Сұлулығының сыры неде деп сұраған көрермендерінің біріне жауап ретінде Сакина ретинол, гликоль және гиалурон қышқылдары, бет майы, күннен қорғайтын крем және күтімге арналған басқа да заттарды қолданатынын айтқан.
Еске сала кетсек, бұған дейін Филиппиннің Макао қаласының 49 жастағы тұрғыны жас көрінудің сырымен бөліскен еді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1867424-zini-zasynan-ldekajda-zas-krinetin-azamatsa-zelikoldanusylardy-tagaldyrdy-foto/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.