Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстандық әскери қызметшілер «Танк биатлонында» сары түсті танктерде өнер көрсетеді

Опубликовано:

Армия халықаралық ойындары
Фото: Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі

Ресей Федерациясы Мәскеу маңындағы Алабино полигонында 16 елдің командалары өкілдерінің қатысуымен «Танк биатлоны» жеке жарысының жеребесі өтті.

Қазақстандық команда сары түсті танктерде өнер көрсетіп, алғашқы кездесуін 25 тамызда Қырғызстан, Ресей және Өзбекстаннан келген танк мамандарымен бір топта жеке жарыстан бастайды.

Қазақстан Қарулы Күштерінің командасына халықаралық байқауға іріктеу кезеңдерінің көшбасшылары – танкист мамандар іріктелді. Алдын ала кезеңдер барысында «Оңтүстік», «Шығыс», «Батыс» өңірлік қолбасшылықтарының және Десанттық-шабуылдау әскерлерінің атынан төрт танк мамандарының экипажы іріктелді. Еліміз атынан сынға түсетін команданы ҚР ҚК Бас штабы бастығының орынбасары генерал-майор Әділбек Алдабергенов басқарады.

Армия халықаралық ойындары
Фото: Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі

2020 жылғы Армия халықаралық ойындары аясында «Танк биатлоны» байқауы «Алабино» полигонында 23 тамыз бен 5 қыркүйек аралығында өтеді. Аталмыш ойын 2013 жылдан бері өткізіліп келеді. Қатысушы елдердің саны да жыл сайын артуда. Биыл «Танк биатлонына» 16 елдің командалары қатысады. Сарапшылар атап өткендей, байқауда ең мықтылары Беларусь, Қазақстан, Қытай және Ресей қатысушылары болып табылады.

Армия халықаралық ойындары
Фото: Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі

«Танк биатлоны» - биыл қазақстандық команда қатысатын жалғыз байқау. Бұл жалпы командалық жүлделі орындарды жеңіп алу мүмкіндігін айтарлықтай төмендетеді. Өйткені, көптеген байқауларда жоғарғы ұпай жинаған команда жеңіске жетеді. Соған қарамастан, қазақстандық жауынгерлердің жеңіс тұғырынан көрінуге үмітті.

«Танк биатлоны» танкті басқару, кедергілерден өту және зеңбірек пен пулеметтен нысана көздеу оты жоғары шеберлікті ғана емес, сонымен қатар үйлесімділікті, экипаж мүшелерінің іс-қимылын үйлестіруді, жақсы дене дайындығын талап етеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1870143-kazakstandyk-skeri-kyzmetsiler-tank-biatlonynda-sary-tsti-tankterde-ner-krsetedi/

pixel