Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Балықшылар тұмсығы мен қанаты бар "құбыжық балықты" ұстап алды (фото)

Опубликовано:

Балық
Фото: obozrevatel.com

Канадада балықшылар қанаты мен тұмсығы бар "құбыжық балықты" ұстап алды. Белгісіз балық түрі көпшіліктің зәресін ұшырған. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ порталы obozrevatel.com сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Ньюфаундленд түбегінен табылған балықтың бұл түрін бұрын-соңды ешкім көрмеген. Куәгерлердің бірінің айтуынша, алып балық бір қарағанда үйректұмсықты еске салады.

CBC телеарнасының хабарлауынша, оның жүзбеқанаттары үлкен болғаны соншалық, кәдімгі құстың қанатына ұқсап кеткен. Ал ұзын мұрны резеңкеден жасалғандай әсер қалдырады екен.

Балықты ұстап алған азамат оны жергілікті балық зауытына алып барған. Алайда ондағылар да мұндай балықты өмірінде көрмегенін алға тартқан. Ақыры жігіт балықтың суретін желіде жариялап, әлеуметтік желі қолданушыларынан мұндай балықты бұрын-соңды көрген-көрмегендерін сұрастырады.

Балық
Фото: obozrevatel.com

Белгілі болғандай, оған мұрынды химера атты балық қармағына түскен екен. Бұл балықтар 200 метр тереңдікте жүзеді және өте сирек кездеседі. Ер адам бұл балықтың улы екеніне таң болды. Химераның арқа тұсында өзін қорғайтын уы бар болып шықты.

Биолог Кэролайн Мири CBC Radio радиосына берген сұхбатында ғалымдардың бұл балық туралы өте аз ақпарат білетінін алға тартты. Ол балықшылар балықты судан тірі күйінде алып шыққан жағдайда, уланып қалуы мүмкін болғанын айтуда. Алайда балықшылардың жолы болып, балық қармаққа өлі күйінде түскен.

Еске салсақ, бұған дейін полицейлерді тырқырата қуған сиырлар мен акуламен бетпе-бет келген әйел туралы жазған болатынбыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1871322-balyksylar-tmsygy-men-kanaty-bar-kbyzyk-balykty-stap-aldy-foto/

pixel