jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Жұлдыз Кенжегалиева
Жұлдыз Кенжегалиева
Қазақ редакциясының басшысы

АҚШ-та алғаш рет үндістің өлім жазасы жүзеге асырылды

Соталушы
Фото: 24top.kz

АҚШ-тың Индиана штатында алғаш рет өлім жазасы жүзеге асырылды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ порталы stalingrad.tv сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Терре-Хот қаласының түрмесінде жазасын өтеп жатқан үндіс Лезмонд Митчелл 2001 жылы тоғыз жасар қыз бен оның әжесін өлтіргені үшін кінәлі деп танылған.

Associated Press басылымының мәліметіне сәйкес, ол - федералдық деңгейде өлім жазасына кесілген тұңғыш үндіс азаматы.

Өлім жазасын жүзеге асыруда екпе салу әдісі қолданылған. Жігіттің туыстары мен тайпа өкілдері өлім жазасына қарсы шыққанымен, сот шешімі өзгеріссіз қалды.

Сотталушы
Көрнекі фото: stalingrad.tv

АҚШ Жоғарғы соты бұған дейін 17 жылға созылған өлім жазасын кейінге қалдыру шешімін жойған болатын. Содан кейін бірнеше өлім жазасы жүзеге асырылды. Ұзақ жылдарға созылған үзілістен соң алғаш болып үш адамнан құралған бүтін бір отбасыны өлтірген Дэниэл Льюис Лидің өлім жазасы жүзеге асырылған болатын.

Айта кетсек, 1976 жылдан бері ең ауыр жаза түрін қолданып келетін АҚШ билігі бүгінгі күнге дейін 1,5 мың сотталушыны өлім жазасына кескен.

Бүгінгі таңда АҚШ федералдық түрмелерінде шамамен 60 сотталушы өлім жазасының орындалуын күтіп отыр.

Еске салсақ, бұған дейін АҚШ тұрғыны небәрі 15 минут ішінде миллиардерге айналғанын және АҚШ-та қауіпті "Лаура" дауылы тұрғанын жазған болатынбыз. "Лаура" дауылы қауіптілігі жағынан бес санаттың төртіншісінде тұр.

АҚШ-та алғаш рет үндістің өлім жазасы жүзеге асырылды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.