jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Жұлдыз Кенжегалиева
Жұлдыз Кенжегалиева
Қазақ редакциясының басшысы

Америкалық көріпкелдің коронавирус туралы 1986 жылы болжағаны рас па

Дэвид Вилкерсон
Фото: dailystar.co.uk

АҚШ-тың әлеуметтік желілерінде коронавирустың болатынын 1986 жылы болжаған көріпкелдің жазбасы таралуда деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы.

Америкалық эвангелист Дэвид Вилкерсонның жасап кеткен болжамын Jerusalem Prayer Team атты христиан-синоистік ұйым өз Facebook парақшасында жариялаған деп жазады Daily Star басылымы.

Отыз жыл бұрын Дэвидтің короновирус болатынын болжап кеткеніне бірі сенсе, енді бірі бұған дәлел жоқтығын алға тартып, күмән келтіруде.

2011 жылы көлік апатынан қаза болған Дэвид көріпкелдік болжамдары жинақталған бірнеше кітап басып шығарады. Бұл кітаптарда коронавирус туралы бір ауыз сөз жоқтығына қарамастан, ұйым Дэвидтің болжамы деп сендірген жазба желіде үш миллионнан астам лайк жинап үлгерген.

"Мен әлемді індет жаулап, барлар, шіркеулер мен үкімет жабылғанын көрудемін. Індет Нью-Йорктың талқанын шығарады. Індеттен адамдар Құдайға қайта жалбарына бастайды. Нәтижесінде әлем мен Американы үшінші ұлы ояну күтіп тұр", - делінген жазбада.

Дін өкілдерінің сөзіне сенсек, бұл сөздерді көріпкел 1986 жылы дәрігер Майк Эванспен бірге таңғы ас ішу кезінде айтқан екен. Десе де фактілерді тексеретін PolitiFact ұйымы бұл сөздерге еш дәлел жоқтығын алға тартуда.

"Шіркеу пастор Дэвидтің бұл сөздерді расымен айтқан-айтпағанын нақты білмейді", - дейді ұйым.

Еске салсақ, бұған дейін АҚШ дәрігерлері коронавирус ер адамның жыныс мүшесіне зақым келтіруі мүмкін екенін мәлімдеген болатын. Одан бөлек австралиялық ғалым Y-хромосомасы болашақта адам ағзасынан жойылып кетуі мүмкін екенін айтып, дабыл қаққан еді.

Америкалық көріпкелдің коронавирус туралы 1986 жылы болжағаны рас па

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.