Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ер адамның "әуретті жерін сатып алғанына" шошыған әйел дереу полиция шақыртты (фото)

Опубликовано:

Лания
Фото: Daily Star

АҚШ-тың Огайо штатында дүкеннен ет алған әйел көп ұзамай полиция шақыртты. Ол құс етінің орнына "ер адамның әуретті жерін" сатып алғанынан күдіктенген деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы.

Лания Сингфилд есімді келіншек күркетауықтың етіне тапсырыс берген деп жазады Daily Star басылымы. Алайда құс етінің орнына адамның етін сатып алдым деп ойлап қалған Ланияның әбден зәресі ұшады.

Оның мұндай тұжырым жасауына еттің пішіні ер адамның әуретті жеріне қатты ұқсап кеткені әсер еткен. Жергілікті супермаркеттен алынған ет, осылайша әйелдің жүрегін көтеріпті.

Ол етті қуыра бастағаннан кейін өз көзіне сене алмай, тағам әзірлеуін доғарып, дереу полиция шақыртқан.

"Бұл құс етінен гөрі ер адамның жанды жеріне көбірек ұқсап кетті. Бұл адам еті емес деген үміттемін. Себебі, олай болған жағдайда жанды жерінен айырылған азаматтың тірі болуы екіталай", - дейді әйел Akron Beacon-Journal басылымына берген сұхбатында.

Ет
Фото: Daily Star

Саммит округының полицейлері етті көре салысымен не істерлерін білмей, оны тәркіге алуды жөн санаған.

Сот-медициналық сараптама жасаған мамандар еттің күркетауыққа тиесілі еместігін анықтаған. Десе де бұл адам еті болмай шықты. Белгілі болғандай, келіншек шын мәнісінде шошқа етін сатып алған екен.

Енді Лания супермаркетті сотқа беру үшін адвокат жалдамақ.

Сол арада супермаркет иесі осы күнге дейін бұл етке ешкім шағым түсірмегенін алға тартып, ендігі ет сапасына көбірек мән беретінін айтуда.

Еске салсақ, бұған дейін Замбияда ашушаң әйел сөзіне құлақ аспаған күйеуінің әуретті жерін жұлып алған болатын.

Одан бөлек, АҚШ дәрігерлері коронавирус дерті ер адамның әуретті жерін зақымдауы мүмкін деген болжам жасаған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1872531-er-adamny-uretti-zerin-satyp-alganyna-sosygan-jel-dereu-policia-sakyrtty-foto/

pixel