jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Жұлдыз Кенжегалиева
Жұлдыз Кенжегалиева
Қазақ редакциясының басшысы

16-шы баласының дүниеге келуін күтіп отырған отбасы көпшілікті таңырқатты

Отбасы
Фото: Daily Star

15 баланың ата-анасы атанған Солтүстік Каролина тұрғындары 16-шы баласының дүниеге келуін күтіп жүр деп жазады KAZ.NUR.KZ порталы.

38 жастағы Патти Эрнандес пен 37 жастағы Карлос бүгінде 15 баланың ата-анасы атанып отыр деп жазады Daily Star. Шарлоттада тұратын ерлі-зайыпты көп ұзамай 16-шы баласын құшағына алатын сәтті күтуде.

Бір қызығы, отбасы барлық 16 баласына К әрпінен басталатын есім беруді ұйғарған.

Отбасы
Фото: Daily Star

Карлос қарапайым еден жуушы болғанына қарамастан, 15 баласын асырап отыр. Сол себепті, балалары әкесінің құрметіне К әрпінен басталатын есім алған. Олар бес төсегі бар үлкен үйде тұрады.

Бір бөлмеге бірден бес төсекті сыйғызған отбасы бөлмені балаларына арнаған. 15 баланың бесеуі ұл бала болса, оны - қыз бала, алтауы - егіз.

Сәуір айында ғана 15-ші баласы дүниеге келген Карлос пен Патти бүгінде 16-шы баласының дүниеге келуін күтіп отыр.

Отбасы
Фото: Daily Star

Кіші Карлос 12 жаста, Кристофер 11 жаста, Карла тоғыз жаста, Кейтлин тоғыз жаста, Кристиана сегіз жаста, Селеста сегіз жаста, Кристина алты жаста, Кальвин бес жаста, Кэтрин бес жаста, Кэрол төртте, Калебу үш жаста, Кэролайн үш жаста, Камилла екі жаста, Чарли бір жаста және құрсақтағы Кристал көп ұзамай дүние есігін ашады. Ол 2021 жылдың мамырында дүниеге келуі тиіс.

Отбасы
Фото: Daily Star

Бүгінде 16 орындық автобусы бар отбасы 16-шы баласы дүниеге келгесін одан да үлкен автобус сатып алмақ.

Патти көпбалалы болу оңайға соқпаса да, әлі де балалы болудан тайынбайтынын айтады.

"Нәресте шырылдап жылаған сайын қасынан табылу оңай емес. Десе де бұл ерекше бақыт. Құдайдың бергенін бақыт деп білеміз", - дейді ол.

Патти 2008 жылдан бері тоқтаусыз босанып келеді. Балалары анасына үй шаруасында барынша көмектесіп отырады. Үлкен ұлы тамақ әзірлеп үйренген.

Еске салсақ, бұған дейін қызына тосынсый жасамақ болған жігіт гелий толы шарлармен әуеге қалықтап ұшқанын жазған болатынбыз.

Одан бөлек әлемдегі ең қарт ерлі-зайыптылар 79 жыл жұптары жазылмауының құпиясымен бөліскенін жазған едік.

16-шы баласының дүниеге келуін күтіп отырған отбасы көпшілікті таңырқатты

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.