Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Дені сау болуы үшін күнде өзінің зәрін ішетін жігіт жұрттың жүрегін көтерді (фото)

Опубликовано:

Өз зәрін ішетін жігіт
Фото: Daily Star

Германияда тұратын 26 жастағы жігіт өзінің зәрін күнделікті сусынына айналдырған. Ол осылайша денсаулығына күтім жасайтынын алға тартуда деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы.

Гамбург тұрғыны Ян Шюнеманн күніне жеті саптыаяқ зәр ішеді екен деп жазады Daily Star.

Жас жігіт өз зәрін күйзелістен емделу мақсатында 2017 жылы ішіп бастаған екен. Нәтижесіне риза болған азамат енді кіші дәретін сүйікті сусындарының біріне айналдырып отыр.

Ян
Фото: Daily Star

Ян өз зәрін ішкеннің арқасында барлық дертінен құлан таза айыққанына сендірді. "Энергия беретін несептің" көмегімен ол, тіпті күніне үш-ақ сағат ұйықтау жеткілікті екенін алға тартты.

Ян
Фото: Daily Star

Зәрін ішуді ессіздік санамайтын азамат, керісінше бұл әрекетін жалпақ жұртқа жария етіп, мақтанды. Ол өз зәрін тамағына ғана емес, мұрны, құлағы мен көзіне де құйып отырады екен.

Спорт жаттықтырушысы болып жұмыс істейтін Ян несепті ең керемет дәрі деп біледі.

"Бұл - барлық вирустар мен аурулардан емдейтін теңдессіз дәрі. Ағзаға нағыз қажет вакцина", - дейді ол.

Десе де мамандар адамның зәрін ішу денсаулыққа қауіпті екенін ескертіп, бұндай әрекетке бармауға кеңес береді.

Доктор Эндрю Торнбери несепте түрлі қауіпті заттар барын алға тартты.

"Адам кіші дәретке ағзасынан керексіз заттарды шығару мақсатында барады. Адамның зәрі 95 пайыз судан құралса, қалған 5 пайызын калий және азот сынды ағза қалдықтары құрайды. Олардың ағзада көбеюі денсаулықты құртады", - дейді ол.

Еске салсақ, бұған дейін Таиландта кафеден кофеге тапсырыс берген жігіт сусыннан тарақан тауып алғанын жазған болатынбыз.

Одан бөлек, бояумен кез келген жұлдыздың "көшірмесіне" айналатын жігіт көпті таңдай қақтырғанын жазған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1872560-deni-sau-boluy-sin-knde-zini-zrin-isetin-zigit-zrtty-zregin-kterdi-foto/

pixel