Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Коронавирустан шекара аса алмаған жұп тойды екі ел тоғысқан сызықтың бойында жасады (фото)

Жарияланған күні:

Той
Фото: PHILIP NORDAS /bbc.com

Коронавирустың салдарынан шекара асуға мүмкіндігі болмаған жас жұбайлар тойын дәл екі ел тоғысқан сызықтың бойында жасады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы.

Норвегиялық қалыңдық коронавирус өршіген уақытта швециялық күйеу жігітке тұрмысқа шығудың ерекше тәсілін ойлап тапқан деп жазады BBC Monitoring.

Олар індет салдарынан шекара асуға шектеу қойған екі ел билігіне осылайша жауап қайтарыпты.

Қалыңдық пен оның жақындары тойда шекара сызығының Норвегия тұсында болса, күйеуі жігіт пен оның туыстары Швеция тұсында тұрған.

Той
Фото: PHILIP NORDAS /bbc.com
"Біз тойды кейінге шегеруді қаламадық. Шекара ашылғанын күтіп отырғымыз келмеді. Бар болғаны сол", - дейді олар.

Той орны ретінде Норвегия елінің оңтүстік-шығысындағы Голебекк аймағы таңдалған. Аталмыш аймақтың ормандарының бірінде екі елдің шекарасы тоғысып жатыр.

Шекара асып кетпес үшін той қонақтарының арасына ұзын ақ лента тартылған. Қалыңдықтың тойды шекара бойында өткізу ұсынысын достары қуана қолдаған.

"Біз некемізді қиғымыз келді. Махаббат кез келген кедергіні жеңеді", - дейді қалыңдық Камилла Ойорд.
Той
Фото: PHILIP NORDAS /bbc.com

Күйеу жігіт Александр Клерн, орманға жету оңай болмағанын есіне алды. Ол жол ауыртпалығынан қонақтардың дені келмейтініне сенімді болған. Алайда бірталай қонақ тойда қастарынан табылғаны жас жұбайлар үшін ерекше сыйлық болды.

Той қонақтары арасында шақырылмаған тағы екі қонақ болған. Олар - шекараны ешкім асып кетпеуін қадағалап жүрген екі полицей.

"Полицейлер сыпайы түрде той қонақтары арасына қосылуға рұқсат сұрады. Біз, әрине еш қарсы болмадық", - дейді жас жұбайлар.

Еске салсақ, бұған дейін 15 баланың ата-анасы атанған Солтүстік Каролина тұрғындары 16-шы баласының дүниеге келуін күтіп жүргенін жазған болатынбыз.

Одан бөлек, әлемдегі ең қарт ерлі-зайыптылар 79 жыл жұптары жазылмауының құпиясымен бөліскенін жазған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1872588-koronavirustan-sekara-asa-almagan-zp-tojdy-eki-el-togyskan-syzykty-bojynda-zasady-foto/