Балабақшаға қызын берген соң жылап алған әке жұрттың жүрегін елжіретті
Жарияланған күні:
Қытайда қызын балабақшаға берген әкенің еңіреп жылаған сәтін көрсеткен видео көпшіліктің жүрегін елжіретті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы.
Қытайдың Тяньцзинь қаласында болған бұл жайт желі қолданушыларының назарына іліккен. Видеода ер адам көзілдірігін шешіп, көз жасын көл етіп жатқаны байқалады.
Бұл сәтті қызық көрген әйелі оны видеоға түсіріп, желі парақшасына жүктеген. Белгілі болғандай, ер адамның жылауына қызының балалар бақшасына алғаш рет баруы себеп болған екен.
Көңілі босаған әке қызын "үйінен қуып жібергендей" сезімде болғанын айтуда. Десе де қыздың анасы мүлде өзге пікірде. Ол күйеуінің қызына соншалық алаң болғанына таңырқаған.
Видеоны көрген желі қолданушылары болса, қызын ерекше жақсы көретін әкеге мақтауларын жаудыруда.
"Әкелер ұл баладан гөрі қыз балаға қатты жақын болады", "Қызы тұрмысқа шықса одан бетер жылайды-ау", "Жақсы әке екенсіз", "Менің күйеуім де қызы десе ішкен асын жерге қояды", "Көзіме еріксіз жас келді", - деп жазған пікір қалдырушылар.
Десе де ер адамға бұлай жылаған жараспайды деп санайтындар да табылған. Олар видео кейіпкерінің бұл әрекетін сынға алған.
"Жылама", "Жасанды көрінеді", "Еркек емес", - деп жазған видеоны ұнатпағандар.
Еске салсақ, бұған дейін біз қызына тосынсый жасамақ болған ер адам гелий толы шарлармен әуеге қалықтап ұшып кеткенін жазған едік.
Одан бөлек, 15 баланың ата-анасы атанған Солтүстік Каролина тұрғындары 16-шы баласының дүниеге келуін күтіп жүргенін жазған болатынбыз.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1873106-balabaksaga-kyzyn-bergen-keni-eirep-zylagan-sti-zrtty-zregin-elziretti/