RU

Дәрігер кеңесі: Бетперденің сапасын қалай тексеруге болады (видео)

Бетперде
Көрнекі фото: topspb.tv

Медицина қызметкері бетперделердің сапасын тексерудің жолымен бөлісті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы.

Филиппин елінің Себу аралында тұратын медицина қызметкері Винс Дизон коронавирус дерті өршіп тұрған уақытта бетпердені дұрыс таңдай білу керектігіне баса назар аударды.

Ер адам сапалы бетперде сатып алудың құпиясымен бөліскен. Винс ол үшін тек оттықты пайдалану жеткілікті екенін көрсетті.

Ол алдымен бетіне оралған футболкамен оттықтағы жалынды өшірмек болады. Артынша қолдан жасалған бетпердені сынауға көшеді. Екі жағдайда да жалынды өшіру қиынға соқпаған.

Тек медициналық бетперделер мен респиратор-бетперделерге кезек келгенде жағдай өзгергенін байқауға болады. Оттықтағы жалын сол беті өшпей тұра берген. Винс осы видео арқылы тұрғындар бетперде таңдауда қателікке бой алдырмайды деген үмітте. Ер адам осылайша сапалы бетпердені тағу қаншалықты маңызды екенін көрсеткісі келген.

Желі қолданушылары бетперде таңдаудың құпиясымен бөліскен медицина қызметкеріне алғыстарын жаудыруда.

Еске салсақ, бұған дейін біз бетперде тақпайтындармен күрес бастаған жігіт оларға арнайы қару ойлап тапқанын жазған болатынбыз.

Одан бөлек, канадалық дәрігер төсек қатынасы кезінде маска тағуды ұсынғанын жазған едік. Екінші қыркүйек күні мәлімдеме жасаған дәрігер Тереза ​​Тэм коронавирус дерті жыныстық қатынас арқылы жұғатынын айтып, дабыл қаққан.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1873118-driger-keesi-betperdeni-sapasyn-kalaj-tekseruge-bolady-video/