jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Жұлдыз Кенжегалиева
Жұлдыз Кенжегалиева
Қазақ редакциясының басшысы

Денесінің 98 пайызына тату салдырған ару көз жанарын да көк түске боятып алған

Эмбер
Фото: ambs_luke09

25 жастағы модель денесіне татуға әуестенгені соншалық, көз жанарына дейін салдырып алудан тайынбаған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы.

Эмбер Люк есімді бойжеткен денесінің 98 пайызына тату салдырған. Бойжеткен Instagram желісінде танымалдыққа ие деп жазады Daily Star басылымы.

Австралия жағалауында түскен суреттерімен бөліскен ару көпшіліктің таңданысын тудырған.

Бетіне тату салдырумен доғармай, көзін де өзге түске боятқан ару әлі де денесіне суреттер салдырмақ ниетте екенін жасырмады.

Белгілі болғандай, Эмбер денесіне 600-ден астам тату салдырған екен. Денесінде бос орын қалмай бара жатқанын ұққан ару енді қара сияның үстінен ақ сиямен тату салдыруды жоспарлап отыр екен.

"Менің болашаққа жоспарым бар. Тату орны жазылғаннан кейін қараның үстінен ақ сиямен тату салдырамын", - дейді ол.

Одан бөлек модель пластикалық отаға жүгініп, төсін үлкейтпек ниетте. Келбетіндегі өзгерістер үшін қыруар қаражатын сарп еткен Эмбер мұндай отаны осымен екінші рет жасататын болып шықты. Ол бұған дейінгі төс үлкейту отасының нәтижелеріне көңілі толмағандықтан, пышақ астына қайта жатпақ екен.

Еске салсақ, бұған дейін дені сау болуы үшін күнде өзінің зәрін ішетін жігіт жұрттың жүрегін көтергенін жазған едік.

Одан бөлек, өзін әбден мезі еткен шыбынды өлтірмек болған зейнеткер үйін жарып жібергенін жазған болатынбыз.

Денесінің 98 пайызына тату салдырған ару көз жанарын да көк түске боятып алған

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.