Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Әкесімен жасты ер азаматқа тұрмысқа шыққан ару көпті таңғалдырды

Жарияланған күні:

Жас үлкен жұптар
Фото: facebook.com/kelsey.kammeyer

АҚШ-тың Юта штатында тұратын 24 жастағы Келси Аллен әкесімен жасты адамға тұрмысқа шықты. Бойжеткен болашақ жарын небәрі 19 жасында кездестірген, ал ол кезде ер адам 47 жаста еді. Қос ғашық араға тек бес жыл салғаннан кейін ғана үйленуге шешім қабылдаған деп жазады KAZ.NUR.KZ Life.ru-ға сілтеме жасап.

Өзіненен едәуір үлкен адамға тұрмысқа шыққан Келсидің сезімінің шынайы екеніне сенетіндер аз болған. Ол тіпті, көшеде өтіп бара жатқан кезде адамдардың өзіне жаман қарайтынын байқаған. Олар Келси Полмен тек ақша үшін жүр деген ойласа керек.

Әуелде бойжеткен жұрттың сөзін көңіліне алса, уақыт өте келе оларға назар аудармауды жөн көріпті.

"Мен оны сүйемін. Өмірдің қамшының сабындай қысқа екенін түсіндім. Оны өзгелердің сөзіне құлақ асып, құр өткізе алмаймын. О баста жақындарымыз да біздің қарым-қатынасымызға күмәнмен қарады. Бірақ бізді жақсырақ танығаннан кейін бәрі өз орнына келді", - дейді Кэлси.

Қазіргі уақытта 53 жастағы Полдың 27, 25 және 23 жастағы балалары бар. Олар әкесінің 24 жастағы жарымен тіл табыса алған.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін 60 жылдан соң қайта қалыңдық пен күйеу жігіт болған қарт кісілердің елдің жүрегін тебіренткенін жазған едік.

АҚШ-тың Небраска штатында тұратын 81 жастағы Люсиль мен 88 жастағы Марвин Стоунның ерлі-зайыпты атанғанына биыл 60 жыл толған. Осыған орай қос ғашық ерекше фототүсірілім жасаған.

Сондай-ақ, әлемдегі ең қарт ерлі-зайыптылар 79 жыл жұптары жазылмауының құпиясымен бөліскен еді.

110 жастағы Хулио мен 104 жастағы Вальдрамина әлемдегі ең қарт жұп деп танылған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1873411-kesimen-zasty-er-azamatka-trmyska-sykkan-aru-kpti-tagaldyrdy/