Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шымкентте «Кселл» және Samsung екінші кобрендтік дүкені ашылды

Опубликовано:

Ресми ашылуы
Фото: Kcell

18 қыркүйекте екінші Kcell/activ|Samsung кобренд дүкенінің ресми ашылуы өтті. Дүкен Шымкент қаласында Shymkent Plaza сауда орталығында орналасқан.

Бұл жерде «Келісімшарттық телефон» науқаны бойынша және толық құнына Samsung смартфондары үлгілерінің кең ассортименті ұсынылған. Оған қоса Kcell және activ абоненттері байланыс қызметтері бойынша толыққанды сервис ала алады.

Ашылу құрметіне алғашқы сатып алушылар Samsung сыйлықтарына ие болды.

Ресми ашылуы
Фото: Kcell

Жаңа Kcell және Samsung кобрендтік дүкеніне келушілер консультанттардан Samsung смартфондарының түрлі модельдері мен келісімшарттық ұсыныстардың артықшылықтары туралы біле алады, сондай-ақ оларды сатып алу алдында сынақтан өткізеді және стандартты қызметтердің толық ауқымын алады, мысалы, нөмірді қосу, тарифті таңдау, теңгерім толықтыру және т.б.

Ресми ашылуы
Фото: Kcell
«Өткен жылдың соңында Алматыда Samsung-пен бірлескен алғашқы дүкен ашылды. Біздің серіктестігіміз осымен тоқтаған жоқ, енді осындай екінші бірегей дүкенді Шымкент қаласында да ашып жатырмыз. Біз осы оңтүстік мегаполисті кездейсоқ таңдаған жоқпыз. Шымкент - адал абоненттеріміз көп тұратын жақсы дамып келе жатқан миллионнан астам тұрғыны бар қала. Біздің дүкеніміз Samsung, Kcell/activ брендтерін сүйетіндердің талғамына сай келеді деп сенеміз», - деп атап өтті «Кселл» өкілі.
Ресми ашылуы
Фото: Kcell

Бес жылдан бері Қазақстанда кеңінен танымал Kcell/activ дүкендерінің бірегей бөлшек сауда желісі табысты жұмыс істеп келеді. Өткен жылы желі Алматыдағы Kcell/activ|Samsung алғашқы бірегей кобренд дүкенімен толықты. Енді Шымкенттегі Samsung брендінің жанкүйерлері екінші кобрендтік сауда кеңістігінде ұялы байланыс қызметтері қосылған смартфонды сатып алу мүмкіндігіне ие.

*PR құқында

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1875031-symkentte-ksell-zne-samsung-ekinsi-kobrendtik-dkeni-asyldy/

pixel