Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Cаумалкөл ауылындағы көпбалалы әке өз кәсібін бастады

Опубликовано:

Иллюстративное фото обувной мастер
Фото: pixabay.com

Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы Саумалкөл ауылының тұрғыны, көпбалалы әке Иван Воликов Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған "Еңбек" мемлекеттік бағдарламасы бойынша кілттерді дайындау және аяқ киімді жөндеу бизнесін дамытуға 200 АЕК көлемінде грант жеңіп алды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

"Менің туысым аяқ киімді жөндеумен айналысады, маған осы істің қыр-сырын сол үйретті. Маған жұмыс ұнады, сондықтан бұл іске деген махаббатым пайда болды. Сондықтан, ойланбастан аяқ киім мамандығын таңдадым. Бұл менің борышым деп ойлаймын. Маған адамдарға қуаныш сыйлаған ұнайды. Клиенттердің бетіндегі күлкіні көргенде, сен сонша сағат бойы бекер жұмыс істемегеніңді түсінесің", - деді ол.

Сол себепті Иван Воликов жеке шеберханасын ашқысы келіп, мемлекеттік көмекке жүгінген. Ол кәсіпкерлерге арналған грант конкурсына қатысып, жұмысын үздік қорғап, 500 мың теңге көлеміндегі грант иеленген.

Иван Воликов
Фото: Иван Воликовтың жеке мұрағатынан

Ол қаражатқа кілттерді дайындауға арналған екі станок және аяқ киімге арналған колонкалы тігін машинасын сатып алған. Қазір оны Саумалкөл ауылының барлық тұрғыны жақсы біледі, өйткені ол жылдар бойы жерлестерінің ескі аяқ киімдерін жаңаға айналдырып келеді.

«Аяқ киім жөндеу- маусымдық жұмыс. Күз бен қыста адамдар тұрақты түрде келеді, ал жазда аз. Сондықтан, кілттерді жасау мен жөндеумен айналысамын деп шештім. Бағдарлама өте пайдалы, бұл жас кәсіпкерлерге үлкен көмек. Ал маған, алты баланың әкесіне ол үлкен қолдау болды»,- деді кәсіпкер.

Бизнесмен жерлестерін сапалы әрі қолжетімді аяқ киіммен қамтамасыз етуді жоспарлап отыр.

«Жақында аяқ киім тігуді бастадым, алдын ала материалдарын дайындап қойғым келеді. Өз қолыммен модельдеп, кестім, бірақ әзірге бірнеше жұп қана тіктім. Жоғары сапалы, бірақ қолжетімді аяқ киім жасасам деген ниетім бар. Өйткені, қазір нарықта аяқ киім қымбат, сондықтан отандық аяқ киім шығаруды жоспарлап отырмын. Әрине, бұл техника көмегінсіз мүмкін емес, дәл осы үшін грантқа арнайы жабдық - колонка тігін машинасын сатып алдым»,- дейді Иван Воликов.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1880317-caumalkl-auylyndagy-kpbalaly-ke-z-ksibin-bastady/

pixel