RU

Құны бір гамбургерге тең: Италияда ерекше арзан үйлер сатылымға қойылды

Үй
Фото: Alamy

Сицилияның италиялық Салеми қаласында 30-дан астам үй құны бір гамбургерге тең бағамен - бір еуроға сатылуда деп жазады The Sun.

Жөндеуді қажет ететін ғимараттар сатылымға шығарылатыны, олардың кейбірі 1968 жылы Сицилияда жойқын жер сілкінісі болғаннан бері қаңырап жатқаны белгілі болды.

Үй
Фото: Alamy

"Барлық үйлер қалалық кеңеске тиесілі. Бұл өз алдына сатылымды тездетуге және бюрократияны азайтуға мүмкіндік береді. Сатылым басталғанға дейін біз осы Салеми аудандарын қалпына келтіріп, инфрақұрылымды, жолдарды, электр желілерін, канализацияларды жаңарттық", - дейді қала әкімі Доменико Венути.

Үй
Фото: Alamy

Қалада кафелер мен мейрамханалар, Норманн сарайы мен мұражайлар бар. Билік әлеуетті сатып алушыларды бұл жайт қызықтыра түсетініне сенім білдіруде.

Карта
Фото: thesun.co.uk

Алайда үйлердің болашақ иелері ғимарат жөнделгенге дейін жыл сайын 250 еуро көлемінде ғимараттың сақтандыруына төлем жасап отыруы керек.

Үй
Фото: Getty Images - Getty

Естеріңізге салсақ, бұған дейін біз қазақтың киіз үйіне тәнті болған америкалықтар заманауи ғажайып үй тұрғызып жатқанын жазған едік. Аталмыш елде қазақтың киіз үйі ерекше сұранысқа ие болғаны соншалық, АҚШ компанияларының бірі киіз үй тұрғызуды өз қызметтерінің біріне айналдырып үлгерген.

Үй
Фото: Getty Images - Getty

Одан бөлек, Қытайда әлемді аузына қаратқан "жасыл үйден" тұрғындар не себепті безіп жатқанын жазған болатынбыз. Үйден безген тұрғындар онда тұру мүмкін еместігін айтуда.

Үй
Фото: Getty Images - Getty

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1882601-kny-bir-gamburgerge-te-italiada-erekse-arzan-jler-satylymga-kojyldy/