Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қытай көшелерінің бірінде кенеттен аспаннан ақша жауды (видео)

Опубликовано:

Ақша
Көрнекі фото: medium.com

Қытайдағы Чунцин қаласының көшелерінің бірінде аспаннан ақша жауды. Қарша жауған қаражатқа мәз болған тұрғындар дереу қалталарын қампитқан деп жазады dailymail.co.uk.

Оқыс жағдай 17 қазан күні болып, бұл жайттың видеосы желіге тарап кетіпті.

Белгілі болғандай, қаражатты зәулім үйдің 30-қабатында тұратын ер адам шашқан екен. Бұған ерекше қуанған тұрғындар дереу асфальтқа түскен ақшаны жинауға кіріскен.

Әрине, полиция мұндай "жауынға" қызығушылық танытпай қоймады. Лезде келіп жеткен тәртіп сақшылары жомарттық танытқан азаматты іздеп тапқан.

Шамамен 1 млн 300 мың теңгеге жуық қаражатты (23000 фунт стерлинг) 29 жастағы Ке есімді азамат есірткі қабылдағаннан кейін шаша салған екен.

"Ақкөңіл" азамат қамауға алынғанымен, тегін жауған қаражаттың арқасында, бірталай тұрғын қалтасын толтырып үлгерген.

Бұл қаражатты ер адамның анасы үйге жөндеу жұмыстарын жүргізу мақсатында жинап келгені анықталыпты.

Еске салсақ, бұған дейін біз Швейцарияда аспаннан жаңбырдың орнына шоколад жауғанын жазған едік. Мұндай оғаш табиғат құбылысына шоколад фабрикасының істен шығуы себеп болған.

Одан бөлек, Антарктидада қызыл түсті қар жауғанын жазған болатынбыз. Бұл ерекше құбылыс жайлы Украинаның Білім және ғылым министрлігі Facebook желісіндегі парақшасында хабарлаған. Министрліктің хабарламасында мұндай құбылысты Арктика мен Альпіде, басқа да таулы эко жүйелерде кездестіруге болатыны айтылуда.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1882774-kytaj-kselerini-birinde-kenetten-aspannan-aksa-zaudy/

pixel