jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Жұлдыз Кенжегалиева
Жұлдыз Кенжегалиева
Қазақ редакциясының басшысы

Әлемдегі ең сұлу стюардесса туралы не білеміз

Гуо
Фото: instagram.com/mabel_goo

Air Asia әуе компаниясының стюардессасы Майбел Гуоны жұрт әлемдегі ең сұлу стюардесса атап кеткен деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы.

Қытай тумасы Майбел Гуо ұшақ жолаушыларының бірі Facebook парақшасына оның суретін жария еткеннен кейін ерекше танымалдыққа ие болады.

2018 жылы ерекше көркімен әлем назарына іліккен ару бүгінгі күнге дейін танымалдығын жоғалтпаған.

Instagram желісіндегі жеке парақшасына өз суреттерін жариялап отыратын ару талай жігіттердің арманына айналған. Пікір қалдырушылар оның көркіне көз тоймайтынын жарыса жазуда.

Майбел стюардесса жұмысынан бөлек, бизнес саласында білім алуда. Одан бөлек, ару бос уақытын би мен әлем шарлауға жұмсағанды ұнататынын айтуда.

Бойжеткен жазбаларының бірінде соңғы кездері пандемия салдарынан әуе компаниялары бірталай қиындықтарға ұшырап жатқанына өкінішін білдіре отырып, бұл қиын-қыстау кезеңді бірлесе жеңетіндеріне сенетінін жазған.

Еске салсақ, бұған дейін біз ерекше әдемі көз жанарына ие тайпа әлем жұртшылығының таңдайын қақтырғанын жазған едік. Кішкентай Бутон аралындағы тайпалардың бірі сирек генетикалық аурудың арқасында ерекше сұлулыққа ие болып отыр.

Одан бөлек, шетелдік БАҚ қазақ жігітінің өзгеше сымбатына тәнті болғанын жазған болатынбыз. Сонымен қатар, әлемдегі беделді сән журналы домбырада ойнайтын қазақ қызына таң болғанын хабарлаған едік.

Әлемдегі ең сұлу стюардесса туралы не білеміз

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.