Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Диснейдің жаңа жылға арналған жаңа мультфильмі көптің жүрегін елжіретті (видео)

Опубликовано:

Отбасы
Скриншот: DisneyChannelUK

Жаңа жыл қарсаңында жарыққа шыққан Диснейдің қысқаметражды мультфильмі көпшіліктің жүрегін елжіретті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы.

Сюжет желісі филиппиндік отбасының өмірін паш етеді. Мультфильмде әжесі мен немересінің арасындағы жылы қарым-қатынас пен отбасылық дәстүрлер шебер бейнеленген.

Мультфильм ұрпақ арасындағы дәнекер болып табылатын отбасылық дәстүрлердің маңыздылығына баса назар аударуды көздейді.

Дисней бұл туындыны Make-A-Wish қорымен бірлесіп жасаған. Мультфильмдегі Мики Маус ойыншығының әр сатылымынан 25% -ы балаларға көмек беретін ұйымға түседі.

Мультфильм 1940 жылы әкесі кішкентай қызына Мики-Маус ойыншығын сыйлаудан басталады.

Содан кейін сюжет көрермендерді 2005 жылға көшіріп, әжеге айналған әлгі қыз өзінің сүйікті ойыншығын кішкентай немересіне сыйлап жатқан сәтін көрсетеді.

Мультфильмдегі әженің аты - Лола, Филиппинде әжелерді осылай атайды. 3 минуттық қысқаметражды мультфильм көпшіліктің жүрегін елжіреткен.

Еске салсақ, бұған дейін біз АҚШ колледжінде оқитын жігіт Дисней кейіпкерлерінің шынайы өмірдегі келбетін жасап шыққанын жазған болатынбыз.

Одан бөлек, ат құлағында ойнайтын отандық каскадерлар Диснейдің "Мулан" фильмінде бой көрсеткенін жазған едік.

Сонымен қатар, Дисней десе ішкен асын жерге қоятын отбасы үйін ертегі әлеміне айналдырғанын жазғанбыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1884331-disnejdi-zaa-zylga-arnalgan-zaa-multfilmi-kpsilikti-zregin-elziretti-video/

pixel