jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Жұлдыз Кенжегалиева
Жұлдыз Кенжегалиева
Қазақ редакциясының басшысы

Әлемдегі ең ұзын шашқа ие жасөспірімді білесіз бе

Ару
Фото: Guinness World Records

Үндістанда әлемдегі ең ұзын шашқа ие жасөспірім Гиннестің рекордтар кітабына енді деп жазады guinnessworldrecords.com.

Алты жасынан бері шашына қайшы жолатпаған Ниланши Патель жасөспірімдер арасында ең ұзын шаштың иесі атанып отыр.

Ару
Фото: guinnessworldrecords.com

Ол соңғы екі жылда өз рекордын екі рет жаңартқан. 2018 жылы оның шашының ұзындығы 170,5 сантиметр болса, 2019 жыды 190 сантметрге дейін өскен. Ал бүгінде Ниланшидің шашының ұзындығы 200 сантиметр.

Ару
Фото: guinnessworldrecords.com

Тамыз айында Ниланши кәмелет жасына толғандықтан, ендігі жерде ол өз рекордын жаңарта алмайды. Десе де 18-ге толмай тұрып жаңартқан рекордтары өзінен шашы әлдеқайда ұзын жасөспірім табылғанға дейін сақталады.

"Мен өзімді бақытты сезінемін. Мен үшін әлемдік рекордшы болу - үлкен жеңіс", - деді ол.
Ару
Фото: guinnessworldrecords.com

Белгілі болғандай, Ниланши алты жасында шаштаразшылардан көңілі қалғандықтан, шашын мүлде қимауды ұйғарған. Ал анасы қызының бұл шешіміне құрметпен қарапты.

Ару
Фото: guinnessworldrecords.com

Бүгінде анасы оның шашын апта сайын жуып, тарауға барынша көмектесіп отырады. Достары аруды ұзын шашы үшін "Рапунцель" атап кеткен екен.

Ару
Фото: guinnessworldrecords.com

Болашақта бойжеткен шашын қия ма, жоқ әлде ересектер арасында рекорд жаңартуға ұмтыла ма, әзірге белгісіз.

Еске салсақ, бұған дейін біз 42 жастағы азамат ерекше ұзын шашымен рекорд орнатқанын хабарлаған едік.

Одан бөлек, 80 жыл ішінде шашын қимаған қария 5 метрлік бұрымының қасиетті екеніне сенетінін жазған болатынбыз.

Әлемдегі ең ұзын шашқа ие жасөспірімді білесіз бе

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.