Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ұшаққа құлай ғашық болған әйел оған тұрмысқа шығатынын мәлімдеді

Опубликовано:

Ұшақ
Фото: newsyou.info

Германияда тұратын әйел ұшаққа ессіз ғашық болып қалғаны соншалық, оған тұрмысқа шығатынын мәлімдеді деп жазады newsyou.info.

Жүрегін жаулаған Boeing 737-800 ұшағын 2014 жылы Берлиннің Тегель әуежайынан жолықтырған Мишель Кобке оған құлай ғашық болғанын жалпақ жұртқа жария етті.

Ұшақ
Фото: newsyou.info

Әуе кемесіне Шатц деген есім берген Мишель онымен жақын қарым-қатынаста екенін де жасырмады. "Ғашығы" жиі әуеде қалықтап жүретіндіктен, әйел оны сағынбас үшін ұшақтың 1,6 метрлік көшірмесін жасап алыпты.

Ұшақ
Фото: newsyou.info
"Мен "сүйіктіммен" әр кешімді бірге өткізіп, оның бөлшектерімен әр таңымды атырамын. Жақындық - бұл біздің қарым-қатынасымыздың бөлігі", - дейді ол.
Ұшақ
Фото: newsyou.info

Мишель жақын арада Шацқа тұрмысқа шығып, онымен ұшақжайда бірге тұруға ниетті. Мишельдің отбасы оның мұндай оғаш шешіміне еш қарсы емес екен. Себебі, олар Мишель бұрын-соңды осынша бақытты болмағанын алға тартып отыр.

Ұшақ
Фото: newsyou.info

Еске салсақ бұған дейін біз Бразилияда ер адам қалыңдығы оны тастап кеткеннен кейін өзіне өзі үйлене салғанын жазған едік. 350 000 реал (шамамен 28 млн теңгеге) қаражат жұмсалған аста-төк үйлену тойы Баия штатының Итакаре елдімекеніндегі курорттардың бірінде өтіп, оған жігіттің отбасы мүшелері мен жақын достары қатысты.

Ұшақ
Фото: newsyou.info

Одан бөлек, 38 жастағы Ұлыбритания тұрғыны ағашқа тұрмысқа шығуына бір жыл толғанын салтанатты түрде атап өткенін жазған болатынбыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1884964-sakka-klaj-gasyk-bolgan-jel-ogan-trmyska-sygatynyn-mlimdedi-foto/

pixel