jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Жұлдыз Кенжегалиева
Жұлдыз Кенжегалиева
Қазақ редакциясының басшысы

Кедей отбасынан шыққан сегіз жасар бала жеке кәсіп ашып, анасына жаңа үй сыйлады

Аарон
Фото: aaronsgarden

Лос-Анджелесте жағдайы төмен отбасында тұратын сегіз жасар бала жеке бизнес бастаудың арқасында, кедейліктен арылып, жаңа үй сатып алды деп хабарлайды РЕН ТВ.

Аарон Мореноның отбасы Лос-Анджелестің шығысында сарайға көбірек ұқсайтын кішігірім үйде тұрып келген. Жеткіншектің анасы Беренис визасы болмағандықтан, жұмысқа тұра алмайды.

Тіпті, Мексикадағы кішкентай қызын қасына алдыруға шамасы жетпей отырған анасына жеткіншек өзі көмектесуді ұйғарған. Ол өзінің жеке кәсібін ашу арқылы отбасына жаңа үй сыйлады. Аарон анасының қиналып жүргеніне ендігі қарап отыра алмайтынын түсініп, гүл өсіруді бизнеске айналдырған.

Анасы ұлына сеніп, бизнесті бастауы үшін оған соңғы 12 долларын береді. Кейінірек Беренис GoFundMe платформасында қаражат жинау шарасын ұйымдастырған.

Бұл жеткіншекке өзінің шағын бизнес жобасын дамытуға көмектескен. Нәтижесінде, Аарон бөлме өсімдіктерін жеткізушіге айналып, өзінің кәсібіне "Ааронның бағы" деген атау береді.

Біртіндеп отбасының кәсібі өркендеп, үй сатып алуға жеткілікті қаражат жиналған. Аарон, тіпті анасына жаңа көлік те алып беріп, он жасар қарындасын Мексикадан Америка Құрама Штаттарына алдырта алған.

"Мен мұндай нәтижеге қол жеткіземіз деп ешқашан ойлаған емеспін. Бізде қазір үй барына сене алмай отырмын. Мен ұлымды мақтан тұтамын" , - дейді Беренис.

Жас кәсіпкер мұнымен тоқтамайтынын айтады. Ол жаңа үйдің гаражын онда көбірек өсімдіктер өсіру үшін пайдаланбақ.

Еске салсақ, бұған дейін 31 жастағы ақтөбелік кәсіпкер адал ақша табудың жолымен бөліскенін жазған болатынбыз.

Одан бөлек, Алматыда көпбалалы келіншек баспаналы болғанын хабарлаған болатынбыз.

Кедей отбасынан шыққан сегіз жасар бала жеке кәсіп ашып, анасына жаңа үй сыйлады

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.