jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Сәке Қанатұлы
Сәке Қанатұлы
Бұрынғы қызметкер

"Сенбей тұрмын": Алматылық келіншек үйлі болғанын естігенде өз көзіне өзі сенбеді

Салтанат Нұрмамбетова
Салтанат Нұрмамбетова. Кадр: 31 арна

Алматыда балаларымен күйеуі тастап кеткен келіншек баспаналы болды. Оларға "Харекет" қайырымдылық қоры бес бөлмелі үйдің кілтін табыстаған деп хабарлайды 31 арна.

Телеарна мәліметінше, шиеттей бала-шағасын сыртынан қамап, көрші дүкеннің еденін жуатын жұмысына шыққалы жатқан келіншектің жолын "харекеттіктер" бөгеген.

Балалармен психолог сөйлеседі деп келіп, әңгіме барысында өз үйлерінің кілтін табыстаған кезде көп балалы ана өз көзіне өзі сенбеген.

"Сенбей тұрмын. Сенгім келеді, бірақ сенбей тұрмын. Көп адамдар келгенге ме. Ойлаған жоқпын. "Харекет" қорына алғысым шексіз. Гүлмира Мұқанқызына рахмет айтқым келеді", - дейді Салтанат Нұрмамбетова.

Бұрынғы күйеуінен қашып жүрген Салтанат пен балаларының қауіпсіздігі үшін, алынған үйдің мекен-жайын қор өкілдері айтпаған. Ең бастысы бес балалы жанұяға Алматы маңынан бес бөлмелі баспана бұйырған.

Харекет қайырымдылық қорының" Алматы облысы бойынша өкілі Әлімжан Бекжанұлының сөзінше, бұл қайырымдылық қордың мұқтаж отбасыларға тарту еткен 330-шы баспанасы.

Еске сала кетейік, бұған дейін төрт жыл бойы вагонда тұрып келген мектеп мұғалімінің баспаналы болғанын хабарлаған едік.

Сонымен қатар Алматыда мүмкіндігі шектеулі ұлымен қайыр тілеп жүрген жалғызбасты ананың үйлі болғанын жазған болатынбыз.

Сондай-ақ Алматыда 3 баласымен жалғыз қалған мүмкіндігі шектеулі жан сыз тартқан аядай үйде тұрып жатқанын, жайлы үйге мұқтаж екенін жазған едік.

"Сенбей тұрмын": Алматылық келіншек үйлі болғанын естігенде өз көзіне өзі сенбеді

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.