RU

Құлап бара жатқан баласын ұстап үлгерген ана желіде жұлдыз болды

Ана мен бала
Скриншот: ViralHog

Әлеуметтік желіде құлап бара жатқан баласын дер кезінде ұстап үлгерген ананың видеосы тарады.

Аналардың жеделдік, ептілік пен ерлік танытып, балаларын түрлі оқыс жағдайлардан құтқару күнделікті өмірде көптеп кездеседі.

Себебі, ерекше қырағылықты қажет ететін балақайлардың күтпеген жайттарға тап болып жатуы ғажап емес.

Дәл осындай жағдай жақында Вьетнамда орын алған. Хошимин қаласының тұрғыны жылдам әрекет етуі арқасында төсектен құлап түсуге сәл-ақ қалған баласын құтқарып үлгерген.

Үйінің пердесін түзеп жатқан келіншек баласының кереуеттің шетіне тым жақын тұрғанын байқамай қалған. Десе де ол бүлдіршіннің жарақат алуына жол бермеді.

Келесі күні интернетке тарап кеткен бұл жайттың видеосы желі қолданушылары арасында қызу пікірталас тудырды. Бірі ананың мақтауға тұрарлық әрекет жасағанын алға тартса, енді бірі, керісінше бұл жайттың күдік тудыратынын сөз еткен.

"Қаһарман", "Керемет анасыз", "Тез шешім қабылдай біледі екенсіз", - деп жазған пікір қалдырушылар.

Бұл жайтқа күмәнмен қарағандар да табылды.

"Ол неге төсегінің қасына камера іліп қойған", "Әдетте мұндай жағдайда бала баспен құлап, анасы оны жұбатып отырушы еді", - дейді өзге пікір қалдырушылар.

Еске салсақ, бұған дейін балабақшаға қызын берген соң жылап алған әке жұрттың жүрегін елжіреткенін жазған болатынбыз.

Одан бөлек, жұмыс тапқанына қуанғаннан билеп жіберген үйі жоқ ару желіде танымал болғанын жазған едік.

Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1885612-klap-bara-zatkan-balasyn-stap-lgergen-ana-zelide-zldyz-boldy/