Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

«Мемлекеттік қызмет мектебі» дарынды және белсенді жастарға арналған үздік жоба

Жарияланған күні:

Фото
Фото: pixabay.com

«Жастар Үні» Жастар Қоғамдық Бірлестігі, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша департаментінің бастамасымен, Нұр-Сұлтан қаласы жастар саясаты мәселелері басқармасының қолдауымен «Мемлекеттік қызмет мектебі» жобасын жүзеге асыруда. Жоба аясында дарынды және белсенді жастарды мемлекеттік қызметке тарту басты мақсаттардың бірі.

Мемлекеттік қызмет мектебінің ашылуы мақсаты – мемлекеттік қызметшілердің қатарына сауатты, жауапты, ұйымдастыру және көшбасшылық қасиеттері бар жастарды тарту және кәсіби мемлекеттік қызметшілердің аппаратын қалыптастыру.

Жобаға қатысушы жастарды іріктеу кезеңі тамыз-қыркүйек айларында жүргізілді. Жобаға барлық Нұр-Сұлтан қаласының жастары қатыса алатын мүмкіндік жасалынып, талапты, әрі білімге құштар жастар арасында іріктеу өтті. Нәтижесінде жобаға қатысушы жастар «Мен мемлекеттік қызметші болғым келеді» атты тақырыпты эссе жазып, үздік деп табылған 50 жас жобаға қабылданды.

Осылайша оқу үдерісі бірнеше кезеңге бөлінген арнайы курсқа осы жылы 50 студент іріктеліп алынды. Сонымен қатар, жобаға қатысушы талапкерлерге «Мемлекеттік қызмет мектебі» жобасының брендтелген өнімдері таратылды.

Сондай-ақ, биылғы жылы оқыту пандемияға байланысты онлайнға ауыстырылған болатын. Платформа ретінде арнайы ZOOM программасы таңдап алынып, қатысушыларға тегін, әрі барлығына қол жетімді оқу алаңы ұсынылды. Одан өзге семинар-тренингтан бөлек Қазақстан Республикасы президентінің жанындағы мемлекеттік басқару академиясы ұйымдастыратын «Development day» аптаның жұма күндері болатын жобасына қатысуға мүмкіндік берді.

Сонымен қатар, оқу барысында қатысушыларға мемлекеттік қызметке тестті тапсыру бойынша Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша департаменті нұсқаулық берді. Ал Қазақстан Республикасы президентінің жанындағы мемлекеттік басқару академиясы семинар-тренигтарын аяқтады.

Жоба барысында болашақ мемлекеттік қызметшілерге білікті оқытушылар, мемлекеттік қызметшілер, әр саланың үздіктері мен танымал қоғам қайраткерлері және саясаттанушылардан дәріс оқыды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1887151-memlekettik-kyzmet-mektebi-daryndy-zne-belsendi-zastarga-arnalgan-zdik-zoba/