jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Азамат Қабетов
Азамат Қабетов
Бұрынғы қызметкер

82 жастағы қытайлық "буынсыз" әжей желі жұлдызына айналды (видео)

Қытайлық әжей
Видеодағы кадр: sputnik.by

Қытайда тұратын Цзя Юй Сянның жергілікті әлеуметтік желіде 100 мың оқырманы бар. 82 жастағы әжей айналасындағыларды өзінің буынсыз адамдай икемділігімен таңдай қақтырады. Қария йогамен айналысып, шпагатта отырады деп хабарлайды Sputnik Беларусь.

Қытайдың 82 жастағы тұрғыны Цзя Юй Сян өзінің йога дағдыларын көрсетіп, әлеуметтік желі жұлдызына айналды. "Икемді әже" үйде және жақын маңдағы саябақта жаттығулар жасайды, оның үстіне шпагатта отырады.

Егде жастағы әйел төрт жыл бұрын жалпы денсаулығы нашарлағаннан кейін спортпен шұғылдана бастағанын айтты. Қария екі жылға жуық уақыт бойы бар ынтасымен жаттыққан, мұны байқаған жаттықтырушы Дэн Фа Шэн әжені видеоға түсіріп, оны желіге салған. Видеолардың арқасында Цзя Юй Сян әлеуметтік желідегі танымал тұлғаға айналды.

"Мен барлық қозғалыстарымды төсектен тұрмай ақырын жаттыға бастадым. Ол кезде менің күтушім болған. Мен біртіндеп жаттыға бастадым, содан кейін біз Дэн мырзамен кездестік. Қазір біз күн сайын бірге жаттығамыз", – деді әйел күлімсіреп.

Қазір қытайдың танымал видео бөлісу бағдарламасында әжейдің 100 000-нан астам жазылушысы бар.

Еске салсақ, АҚШ тұрғыны 157 келі салмақтан қалай 64 келіге дейін арықтағанын көпшілікке айтып берген болатын.

Оған қоса, Қытайдың Гуанси-Чжуан автономиялық ауданында екі қабырғаның арасына қысылып қалған зейнеткер құтқарылды. Құтқарушылар 85 жастағы қарияға көмектесу үшін ең арық адам қажет екенін түсініп, салмағы ең аз деген әріптестерін құтқару операциясына жұмылдырған.

82 жастағы қытайлық "буынсыз" әжей желі жұлдызына айналды (видео)

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.