Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Суық тигеннен қалай тез жазылуға болады: Дәрігердің кеңесі

Опубликовано:

Тоңғақтық
Фото: depositphotos.com

Жалпы тәжірибе дәрігері әрі британдық тележүргізуші Сара Джарвис суық тиюден тез айығудың үш әдісін атады деп хабарлайды ren.tv.

Оның айтуынша, аурудан жазылу үшін қымбат тұратын дәрі-дәрмектерді қабылдау қажет емес, ең бастысы келесі шараларды қабылдау керек.

Сонымен, дәрігер суық тиюдің алғашқы белгілері байқалған сәтте тамақты микробтардан қорғайтын арнайы спрейлерді қолдануға кеңес берді.

Екіншіден, ол емделу үшін эхинацеяның көмегі ерекше болатынын айтуда, алайда оны балаларға қолдануға болмайтынын ескеру керек дейді ақ халатты. Десе де, сарапшының айтуынша, медицинада бұл өсімдіктің қай бөлігін және қандай көлемде тұтыну керек екендігі туралы әлі күнге дейін толыққанды мәліметтер жоқ.

Джарвис, сонымен қатар С дәрумені немесе аталмыш дәруменнен құралған тағамдар суық тиюмен тиімді күресетінін атап өтті: цитрус жемістері, бұрыш, брокколи, Брюссель орамжапырағы мен картоп сізге нағыз көмекші болмақ, деп жазады Express.

Сондай-ақ, ол ауырған кезде қолды жиі жуып, жөтелгенде, түшкіргенде бір реттік майлықты қолдану керектігін алға тартты.

Еске салсақ, бұған дейін судың организм үшін қауіпті екенін қалай білуге болатынын жазған едік. Ресейлік маман ең алдымен судың түсі мен дәмін тексеру керектігін сөз еткен.

Одан бөлек, дәрігерлер түрлі-түсті масканың адамға қандай қауіп төндіретінін айтқан болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1887578-suyk-tigennen-kalaj-tez-zazyluga-bolady-drigerdi-keesi/

pixel